Тақпақ: Ұялы телефон

Тақпақ: Ұялы телефон

Қарасы бар әкемде,
Жаңасы бар тәтемде.
Аппағы бар анамда
Екеуі бар көкемде.

Қақпақтарын ашады,
Нүктелерін басады.
Ар жақтағы адамды,
Байланысқа қосады.

Сан алуан пішінде.
Ойындар бар ішінде.
Болады тіпті онымен
Суретке де түсуге.

Ғаламторды біледі,
Желіге де кіреді.
Кез келгеннің қолында,
Бір телефон жүреді.

Пайдасы көп не деген,
Мен де алып көрер ме ем.
Суретке де түсіріп,
Нөмірлерді терер ем.

Телефонның ұялы,
Көп дейді, анам, зияны.
Сондықтан ба, мені де
Ұстатпайды, тыяды.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
тақпақ Ұялы телефон балаларға казакша такпак детские стихи стихи для детей на казахском, өлең Ұялы телефон балаларға казакша олен детские стихи стихи для детей на казахском, казакша Ұялы телефон такпак балаларга такпактар, балаларға Ұялы телефон қазақша тақпақ тақпақтар, тақпақ балаларға казакша такпак детские стихи стихи для детей на казахском, казакша олен балаларга олендер, балаларға қазақша өлең өлеңдер, детские стихи стихи для детей на казахском, өлең балаларға казакша олен детские стихи стихи для детей на казахском, стихи для детей на казахском, детские стихи на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]