Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тұрмыс-салт жырлары

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тұрмыс-салт жырлары

Әр халықтың өмір тұрмысы, әдет-салтынан туындап жататын «Сүйінші», «Шілдехана», «Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар», «Бесік жыры» сияқты халықтың шат-шадыман да қуанышты кездері мен «Қоштасу», «Естірту», «Жұбату», «Көңіл айту» тәрізді қайғылы мұңды хал-ахуалдарын күйттейтін жыр үлгілері болады.

Қаншама заман өзгеріп, аударылып-төңкеріліп жатса да, мұндай өлең-жырлар сол халық, сол ұлтпен бірге жасасып, тұрмыс-салтта айтылып, жырланып, қайта, бұрынғыдан да жаңарып, толығып, молығып, атадан-балаға рухани мұра болып қала береді. Міне, халық поэзиясының ең басты қасиеті осы болса керек.

Жанрлық жағынан алып қарағанда, қазақ халық жырлары былайша жүйеленеді. 1) Арнау, мадақтау, толғау, терме, тарихи өлең, қара өлең, хат өлең, ән-өлеңдер саяси лирика саласына жатса; 2) Сүйінші, шілдехана, бесік жыры, тұсау кесер, тойбастар, беташар, жар-жар, жұбату, көңіл айту тәрізді нұсқалары тұрмыс-салт жырлары болып жіктеледі.

Халық жырлары олардың басқа: 3) еңбек, кәсіпкерлік, жұмысшы жырлары, аңшылық, саясаткерлік өлеңдері; 4) дидактикалық-өнегелік өлеңдер (нақыл өсиет, алғыс, бата-тілек, мысал, тақпақ, жұмбақ); 5) таңғажайып (фантазия, аңыз түрлері) және 6) күлкі-сықақ сияқты ішкі жанр түрлеріне бөлінеді. (160 сөз)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Тұрмыс-салт жырлары диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Тұрмыс-салт жырлары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]