Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ауылда

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Ауылда

Көп ауылдың күзгі әдеті бойынша, Абай ауылы да жаз тігетін үйлерін жығып, жиып қойып, оның орнына қоңырқай, кішілеу үйлер тіккен. Әйгерім отауы да қазір басқаша.

Кішілеу, шағын үйдің ішіне текемет, тұскиіз, түкті кілем ұсталған. Биік төсек орнына, қалың салынған көрпесі, құс төсегі, жастық, бөстегі көп жерден төсек орнаған. Абай мен Әйгерім отырған төсек алды қалың жүнді арқар терісімен жабылған. Төрде отырған қонақ болса, олардың астында ұзын қара сеңсеңнен мол етіп құрап тіккен кең бөстек жайылған. Шағын үйдің ортасын қазан-ошақ алғандықтан, бұл күнде Абай кітабын дөңгелек үстел үстіне салып оқымайды. Көбіне жер төсек үстіне үйіле жиылған көрпе-жастыққа арқасын сүйеп, қолға ұстап отырып оқиды. Әйгерім көбіне кесте тігеді, ал қалғандары тоғыз құмалақ ойнайды. (111 сөз)

(М.Әуезов)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Ауылда диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Ауылда

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]