Қазақша диктант: Қазақ тілі | Құмға салған сурет

Қазақша диктант: Қазақ тілі | Құмға салған сурет

Әке-шешеден ерте айырылған Әбілхан тіршіліктің ауыртпалығын тартты. Қой соңында күндер өтті. Жұрттың баласы хат танығанда, мұның қолынан келетіні — тас бетіне, құмға сурет салу, тас пен ағаштан мүсін жасау. Ол машықтанып жүрген ісіне қарап ұстадан қолдау естіді. Білсем, үйренсем деген құштарлық арта түсті.

Ақыры ол аты шыққан шежіре қарт Сағымбекке барды. Шежіренің ақылымен Жаркентке келді. Бір сыныптық білімі жоқ суретшінің өмір жолы осылай басталды. Ата-баба айналысып көрмеген өнерге жол табу оңай болған жоқ. 1929 жылы атақты суретші Николай Хлудов өнерге талпынған бірінші қазақ жігітін қуана қарсы алды. Бос уақытында көркемсурет өнерінің әліппелік заңдарын үйретті.

Сол бала Әбілханның қазақтың сурет өнерінің ең басында тұрып, атақты суретші Әбілхан Қастеев атанарын ешкім білмеді. Құмға сурет салудан басталған балалық талап үлкен өнерге осылайша жол салды. (121 сөз)
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
қазақ тілі Құмға салған сурет диктант по казахскому языку казак тили, қазақ тілі диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктанттар жинағы, қазақ тілінен диктант жазу, диктанты по казахскому языку, диктанты на казахском языке, диктант казак тили сабагында казакша, диктант казак тилинен, Құмға салған сурет

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]