Балабақша сабақ жоспары: Жеміс-жидектер

Балабақша сабақ жоспары: Жеміс-жидектер

Мақсаты: Жаңа сөздерді меңгерте отырып, жеміс - жидектерді атай білуге дағдыландыру. Көкөністер мен жемістерді бір - бірінен ажырата білуге үйрету. Балаларды еңбекқорлыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Негізгі меңгеретін сөздер: Алма, алмұрт, жүзім, анар, өрік, шие
Қолданылатын көрнекі құралдар: жеміс - жидектер суреттері, муляждар, қуыршақ Айсұлу, компьютер, слайд.
Қажетті құрал - жабдықтар: жұмыс - дәптері, үлестірмелі материал.
Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ – жауап, ойын, практикалық
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтың іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушылық Сәлемдесу.

Шаттық шеңбері
Қайырлы таң! Алтын күн!
Қайырлы таң! Көк аспан!
Қайырлы таң! Жан достар!
Қайырлы таң! Қонақтар!

- Қане, балалар, орындарымызға отырайық! (Осы кезде есікті тарсылдатып қаққан дауыс естіледі. Тук - тук)
- Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Бізге қонақ келіп тұрған сияқты.
(Қонаққа Айсұлу деген қуыршақ келеді. Қолында жеміс - жидектердің муляждары салынған себет пен сиқырлы дискі бар)
- Балалар, қонағымызбен амандасайық!
- Балалар, Айсұлу бізге себетпен жеміс - жидектер алып келіпті. Ол бізбен бірге жеміс - жидектерді қазақша атап үйренгісі келеді екен.
- Айсұлуға көмектесеміз бе?
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілде көкөністер мен жемістер піседі.
Біз өткен ҰОІӘ - ндегі «Көкөніс» атауларын қайталап, Айсұлуға қазақша айтып берейікші! (Жұмыс дәптеріндегі жаттығуларды қайталау) - Сәлеметсіз бе! - Здравствуйте!
- Good moning!
Балалар педагогпен бірге шаттық шеңберін орындайды.

Балалар қонақпен үш тілде амандасады.

- Ия!
- Күз мезгілі!

Көкөністердің атауларын қайталайды.
Ұйымдастыру - шылық - ізденістік - Балалар, бүгін «Жемістер» тақырыбымен Айсұлумен бірге танысайық!

Суретпен жұмыс. Жемістердің қазақша атауларын атау.

Жұмыс дәптерімен жұмыс.
Педагог балаларды жұмыс - дәптердегі «Мынау - алма» тақырыбына арналған оқу іс - әрекетінің үлгісімен таныстырады. 1 - тапсырмадағы сурет бойынша балаларды жеміс - жидектердің түрімен (алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім) таныстырады.
2 - тапсырмадағы сурет бойынша жеміс - жидектерді атауларын қайталайды, қайсысы үлкен, қайсысы кішкентай екенін ажыратқызады.
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі,
Кіп - кішкентай ағаштар,
Үп - үлкен боп өседі.

- Балалар, Айсұлу (дискіні көрсетіп) бізге қызықты бір тапсырма алып келіпті. Бірге тапсырманы орындаймыз ба?
Дид. ойын: «Қайсысы артық?»
Мақсаты: берілген нәрселердің ішінен артығын тауып, алған білімдерін тексеру.

Дид. ойын: «Жемістер мен көкөністер»
Мақсаты: жемістер мен көкөністерді ажырата білуге үйрету.
Шарты: екі себеттің біреуіне - жемістер, екіншісіне - көкөністер жинау.
Айсұлу: - Жарайсыңдар, балалар! Сендермен бірге ойын ойнаған қатты ұнады! Сендермен бірге тағы бір тапсырма орындағым келіп тұр!

Тапсырма: «Менің сүйікті жемісім немесе көкөнісім»
Шарты: берілген қағаздағы жемістер мен көкөністердің трафареттерінің ішінен өздерінің сүйікті жемісін немесе көкөнісін таңдап, қарындашпен бояу. Балалар педагогпен бірге жеміс атауларын қайталайды.

Топтағы балалар «Алма, алмұрт үлкен», «шие, өрік кішкентай»,- деп жеке - жеке, хормен бірнеше рет қайталайды.

Балалар мәтінге сай дене қимылдарын көрсетеді.

- Ия!

Балалар берілген төрт нәрсенің ішінен артығын тауып, неге артық екенін түсіндіреді.
Балалар жемістер мен көкөністерді екі себетке бөліп салады.
Балалар берілген тапсырманы қызыға орындайды.

Рефлексиялық - түзетушілік Айсұлу: - Балалар, менің қайтатын уақытым болды. Сендермен бірге жемістер атауларын қазақша үйреніп, қызықты тапсырмалар орындадық. Рахмет сендерге! Сендерге арнап алып келген кішкене сыйлығым бар (Кәмпиттер тарату). Сау болыңыздар!
Сұрақ - жауап
- Балалар, бүгін бізге кім қонаққа келді?
- Бүгін қандай жаңа тақырыппен таныстық?
- Қандай жемістердің қазақша атауларын білесіңдер?
- Жарайсыңдар, балалар! Осымен ашық ҰОІӘ аяқталды.
- Сау болыңыздар! Балалар қуыршақ Айсұлумен қоштасады.

Балалар сұрақтарға жауап береді.
- Қуыршақ Айсұлу.
- Жемістер
- Алма, алмұрт, жүзім, анар, өрік, шие .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Жеміс-жидектер арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Жеміс-жидектер

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]