Балабақша сабақ жоспары: Менің елім

Балабақша сабақ жоспары: Менің елім

Мақсаты: Балаларды өз Отанын сүюге, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру. Отаншылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: мемлекетіміздің Рәміздерінің, Астана қаласының суреттері.
Қолданатын құралдар: түрлі түсті қағаз, желім.
Амандасу шеңбері: «Әдепті елдің баласы алдымен сәлем береді»
Тәрбиеші: Амансыңдар ма, достарым!
Балалар: Сәлеметсіз бе, апай!
Тәрбиеші: Қане, балалар, шеңберге тұрайық, бір-бірімізге алақандарымыздың жылуын беріп, жақсы тілектер айтайық.
- Күніміз шуақты болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Көк туымыз биік болсын!
- Елімізде тыныштық болсын!
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Менің елім - Қазақстан» деп аталады.
- Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
- Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Астана.
- Елбасымыз кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Иә, олар Әнұран, Ту, Елтаңба.
Ендеше кім Рәміздер туралы өлең айтып береді?
Даяна: Рәміздеріміз – елдігімнің белгісі,
Білу керек балаға дейін ең кіші.
Архат: Әнұраным – жан ұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Балалар: Қазақстан Республикасының Әнұранын хормен орындайды.
Сергіту сәті: Көтеріліп шаңырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Тәрбиеші: Балалар, кім Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер біледі?
Арсылан: Отан оттан да ыстық.
Аружан: Туған жер – алтын бесік.
Саян: Отан – елдің анасы.
Қортынды: Логикалық ойын «Кім жылдам?»
Мақсаты: Көк туды құрастырып, желіммен ақ қағазға жабыстыру. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балабақшаға Менің елім арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар балабакша, балабакша сабак жоспары, балабақшаға арналған сабак жоспар балабакша сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, балабақша жылдық жоспар, Менің елім

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]