Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік

Мақсаты: «Фигураның қабырғасы», «фигураның бұрышы» түсініктерін бекіту, шеңбер сопақша арасындағы айырмашылықты нақтылау;
Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілдерін дамыту;
Шапшаңдылыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.
Білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық»
Билингвальды компонент: Шаршы - квадрат, үшбұрыш - триугольник, дөңгелек - круг, сопақ - овал.
Көрнекіліктер: Шеңберлер, сопақшалар, заттар салынған суреттер, жұмыс дәптері.

Мотивациялық қозғаушы
Математикалық ұранды айтқызады.
Қонаққа ара келіп, ойын ойнағысы келетінін айтады.

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ІЗДЕНІС
Ара балаларды шеңберлер мен сопақшалар арқылы топқа бөліп, ойын ойнатады.
Ойын: «Ұқсас затты тап»
Ара фигуралар салынған қағазды таратып, қай жерде не бейнеленгенін айтады.
- Жақсы. Жауап берген сайын, әр топ дәрумен алып отырады.
Ойын: «Қай сан жоқ?»
Балаларға бір сан жоқ жазылған өрнектер беріледі./дәрумен беру/
Ойын: «Қандай фигура?»
Конверттегі фигураларды алып, қандай фигура екенін айтуды ұсынады. Сопақша мен шеңбердің айырмашылықтарын ататады.
Екі топқа екі конверт береді.
Әр топтың жауабына қарай дәрумендер беріліп отырады.
Фигураларды орыс тілінде айтқызады.
А:- балалар, мен шаршап кеттім. Дем алсақ қайтеді?
Сергіту сәті.
Әуен бойынша қимылдар көрсетеді.
Дәптермен жұмыс.
- Кестедегі фигураларды атату;
- Бірінші бағанда қандай фигуралар орналас қан?
- Бос торкөзге тиісті фигураны салу;
- Бірінші қабаттағы терезелер қандай болу керек?
- Фигураларды түсіне қарай ажыратып белгілейді.

Ойын: «Суретші».
Екі топқа қағаз ұсынып, геометриялық пішін - дерден сурет салуын сұрайды.
Ара: Суреттерің өте тамаша болып шығыпты.

Тәрбиеші: Балалар, қай топ дәрумендерді көп жинаған екен?
Ара: Екі топтың балалары да жақсы ойнады. Сондықтан олардың дәрумендері бірдей.
Ара балалармен жақсы ойнап отырып, көп нәрсе үйренгенін де айтып, ұшып кетеді.

Рефлексов Коррекциялаушы
- Бізге кім келді?
- Немен жұмыс істедік?
- Енді алдарыңдағы гүлдердің сарысын бүгін бәрін түсінген балалар көрсетсін. Ал ештеңе түсінбеген балалар қызыл гүлді көрсетсін.
Белсене қатысқан балаларды мақтап, бағалайды да, түсінбеген балалармен жеке жұмыс жүргізеді .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Геометриялық фигуралардың құрылымдық элементтері туралы түсінік

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]