Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын күз

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Алтын күз

Мақсаты: Күз туралы түсініктерін кеңейту. Сөздік қорларын дамыту. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.
Табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Шар, қанатты сөздер, сарғайған жапырақты ағаштар, жапырақтар, құстардың суреттері, техникалық құрал.

Жүрісі:
Залдың іші шарлармен, қанатты сөздермен, жерде жатырған жапырақтармен, ағаштармен,
суреттермен безендірілген. Әдемі әуен ойналып, балалар орындықтарға жайғасады.
Тәрбиеші:
- Құрметті ұстаздар, ата – аналар! Бүгінгі мектепалды даярлық сынып балалары дайындаған
«Алтын күз» атты күзгі мерекелік ертеңгілікке қош келдіңіздер!

1 - жүргізуші – Жангелді: Армысыздар, халайық,
Бармысыздар, халайық!
Күзгі тойды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық!

2 - жүргізуші – Асылай: Ойын – күлкі, той – думан,
Әсем ән мен сәнді би,
Асығыңдар, келіңдер,
Бәрі бізден табылар» - дей келе, «алтын күз» атты мерекелік ертеңгілігімізді ән шашудан бастайық.
Би(вальс) – Орындайтындар: бір топ ұлдар мен қыздар

Ақырыс: Қарашы күз келді, күз келді,
Сары алтын жауыпты іздерді.
Құс біткен кеуенін түзеді,
Көңілсіз неліктен күз енді?

Тоғай: Қара бұлт қабағын түйеді,
Бұталар боз қырау киеді.
Осы ма, осы ма күз деген,
Бақшаға баратын бізбенен?

1 - жүргізуші – Жангелді: - Балалар, бүгін барлығымыз күз мерекесіне жиналдық.
Қонақтар да келді. Бірақ біздің мерекеге біреу жетіспейді. Сендер білесіңдер ме, ол кім?
Балалар (хормен): - Ол – күз.
2 - жүргізуші – Асылай: - Ендеше күзді ортаға шақырайық!
Балалар (хормен): - Берекелі күз келді, мерекелі күз келді.
Күз:- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мерекеге кешігіп қалдым ба?
Балалар: - Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Жоқ, кешіккен жоқсыз!
Күз: - Иә, балалар, мен - Алтын күзбін. Мені неліктен алтын күз деп айтасыңдар?
Балалар:- Өйткені, ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түсіп, шөптер де сарғайып,
айналаның барлығы сап - сары түске енген. Алыстан қарасаң, сары алтын сияқты.
Сондықтан да күзді сары алтынға теңейді.
Күз:- Менің жемістерім мен көкөністерім де осында жүр екен ғой...
Тәрбиеші: Біздің балалар қазір сізге арнап тақпақ айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетеді.

Ән: «Жау, жау, жаңбыр!» (хор) .....


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Алтын күз дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Алтын күз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]