Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аппақ қар

Мектепалды дайындық сабақ жоспары: Аппақ қар

Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу қызметі: Сурет
Тақырыбы: Аппақ қар
Мақсаты:
Б. м: Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың тіршілігі туралы түсініктерді қалыптастыру.
Д. м: Қыс мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру
Т. м: Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Көрнекіліктер: қысқы көрініс, қардың суреттері
Билингвалды компонент: аяз – мороз, аппақ қар – белый снег, қыс – зима.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін, қардың түс, түр, пішіндері туралы түсініктерді
Игерді: Қардың қыста жауатынын, оның әр түрлі күйге енетінін
Меңгереді: Қар туралы тақпақтар, жұмбақтар үйренді, қардың суретін салуды, жапсыруды және мүсіндеуді меңгерді.

Мотивациялық - қозғаушылық
Жылулық шеңбері:
- Балалар сендер де тоңып қалған шығарсыңдар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап жылы тілектерімізді айтайық.

Ұйымдастыру - шылық -
ізденістік - Балалар, қазір қай мезгілі екен білу үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын. Сендер жауабын тауып көріңдер.
Аяз қысып,
Өрнек сызып.
Терезені торлайды,
Қарға омбығып,
Бет домбығып.
Балдырғандар ойнайды.
- Бөбектерім, айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады?
Аппақ - аппақ ақ мамық,
Жерде жатыр тапталып.
- Балалар мына суретке қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?

Суретке қарап әңгіме айтыңдар.
Сергіту жаттығуы:
Аппақ - аппақ жапалақтап,
Қар жауады тамаша.
Ойын ойнап шаттана
Жасаймыз біз ақ қала.
- Балалар қыс туралы жұмбақ білесіңдер ме?
— Балалар бүгін біз сурет сабағында қардың бейнесін саламыз, қағаздан қиып жапсырамыз және мүсіндейміз......


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мектепалды Аппақ қар дайындыққа арналған сценарий сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабақша сабақ жоспары сабак жоспар мектепалды дайындык, балабакша сабак жоспары, мектепалды дайындыққа арналған сабак жоспар мектепалды дайындык сабақ жоспары, балабакша жылдык жоспары, мектепалды дайындық жылдық жоспар, Аппақ қар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]