Қазақ тілінен сабақ жоспары: Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу №2 (2 сынып, II тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу №2 (2 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Туған өлкем»
Сабақ тақырыбы:Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу№2
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.4 Мәтіндегі негізгі, қосалқы ақпараттарды түсіну
2.1.4.1 тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтау
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын кейіпкерлерді анықтайды.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.
Сабақ барысы: Ертеңгілік шеңбері
(Ұ) Оқушылар жаңылтпашты оқиды. Ол не туралы?
Арқада алты арқар бар,
Қырқада қырық арқар бар.
Қырық арқарда ақ арқар бар.
Алты арқарда марқа арқар бар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:
Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу№2
Сабағымыздың мақсаты:
• Тыңдаған мәтіннің тақырыбын, ондағы жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді анықтайды.
Бейнежазбаны көріп, не туралы? Нені көргендерін айтады.
Қандай жануарлар ұнайды/ұнамайды?
Қоян
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.
Арыстан
Мен-мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы.
Аю
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Мұғалім оқушыларға өзі өлеңді мәнерлеп оқиды. Оқушылар не туралы екенін айтады. Оны қалай анықтағанын дәлелдейді.
Бірін-бірі бағалайды.
СЕГІТУ СӘТІ
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар оқылған өлеңдер туралы пікірлерін (келісетіндерін/ келіспейтіндерін) айтады;
қабылдау деңгейі орташа оқушылар өлеңдегі негізгі идеяны айтады. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу№1 (2 сынып, II тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Бос уақыт туралы оқу және фильм көру №1 (2 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу №2 (2 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көрінісін жасау «Үйшік» орыс ертегісі (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Балық аулайды (3 сынып, IV тоқсан, 7 бөлім)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу №2 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Біздің айналамыздағы табиғат әлемі туралы өлеңдер оқу №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]