Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көріністерін жасау (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көріністерін жасау (2-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 Күні
Сабақ тақырыбы:Қуыршақ көріністерін жасау (2-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.2.5.1 мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір («мен ... деп ойлаймын», «мен ... деп санаймын», «маған ... сияқты») білдіру
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір білдіреді.
Көптеген оқушылар: оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір білдіреді.
Кейбір оқушылар: оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір білдіреді, өз ойын дәлелдейді.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Кім жылдам?» ойыны.
Оқушылар берілген сөздерді қатыстырып жылдам сөйлем құрастыруы керек.
Құйрық, тары, мысық, сүт, жапырақ, тауық, сағыз, тышқан
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ұ) «Сұрақ-жауап». Оқушылар өздерінің білетін ертегілерін ортаға салады. Ертегінің кейіпкерлерін еске түсіріп, олардың іс-әрекеттерін айтады. Содан соң берілген тұжырымдарға қарап, қай ертегі туралы айтылғанын айтады, өз ойларын дәлелдейді.
• Бұл ертегінің кейіпкері – мысық.
• Бұл ертегіде қыз бар.
• Бұл ертегіде ата мен әже бар.
• Бұл ертегіде кейіпкерлер бір-біріне көмектеседі.
• Бұл ертегіде тышқан көмектеседі.
• Бұл ертегіде кейіпкерлер бір-бірін шақырады.
• Бұл ертегіде кейіпкерлер бір-бірінен сұрайды.
Тапсырманың мақсаты – тұжырымдар арқылы ертегіні тану, өз ойын дәлелдей алу дағдысын қалыптастыру.
(Ж) «Екі есе көпіршіктер». Екі ертегінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
Оқушылар жұпта «Мақта қыз бен мысық» және «Шалқан» ертегілерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жетекші сұрақтар негізінде талдайды. Өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды. Жасаған жұмыстарының дұрыс-бұрыстығын тексеріп, бір-бірін бағалап отырады.
Тапсырманың мақсаты – шығармаға қарапайым талдау жасау дағдысын қалыптастыру, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет сезімдеріне баулу.
 Кейіпкерлері кімдер?
 Кейіпкерлері не істеді?
Бағалау критерийлері:
• Ұқсастықтарын дұрыс айтты;
• Айырмашылықтарын дұрыс айтты.
Кері байланыс. «Бағдаршам» Оқушылар түстер арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Жасыл түс – жеңіл болды.
Сары түс – аздап қиын болды.
Қызыл түс – қиын болды.
(Ө) «Ойлан, жаз». Оқушылар берілген сөйлемдерді тыңдай отырып, жауап парақтарына сөйлемдердің қай шығармаға тиесілі екенін немесе екеуіне де ортақ екенін анықтап белгілейді.
1. Бұл ертегіде отбасы туралы айтылған.
2. Бұл ертегіде мысық кейіпкері бар.
3. Ертегіде тышқан көмектеседі.
4. Ертегіде қыз ашулы.
5. Ертегіде достыққа үйретеді.
6. Кейіпкерлер бір-бірінен көмек сұрайды....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көріністерін жасау (1-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көріністерін жасау А С Пушкин «Балықшы мен Алтын балық» ( орыс ертегісі) (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көріністерін көрсету (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер оқу (4-сабақ) (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ертегілер – қысқа фильмдерді көру №2 «Алма» ертегісі (1 сынып, 6 бөлім )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Қуыршақ көріністерін жасау (2-сабақ) 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Қуыршақ көріністерін жасау (2-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]