Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу №1 (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу №1 (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі Т2
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:«Cаяхат»
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну
2.1.2.1 баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсіну
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар: Мұғалімнің көмегімен баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Өз бетінше баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
Сабақ барысы: Қызығушылығын ояту.
(Ұ) Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды:
Саяхат дегеніміз не? Саяхатта адамдар не істейді? Саяхат жасау үшін қайда барады?
Оқушылардың сұраққа жауаптарын тыңдау.
Сабақтың тақырыбы: Демалыс күндері туралы оқу №1
Сабақтың мақсаты:
• Баяу және анық айтылған күнделікті өмірде жиі қолданылатын сөздер мен қарапайым фразалардың мағынасын түсінеді.
(Ұ) Оқушылар саяхат, билет, қауіпсіздік, карта, күнделік деген сөздермен сөйлем құрай алу керек. Кімде кім оқылған сөзге сөйлем құрай алса, карточкаларын сақтап қала алады. Карточканы көп жинаған ойыншы жеңеді.
(Ұ) Сөздік жұмысын жүргізу.
мұражай, мұз айдыны, көрме, аялдама, сауда үйі, орналасу, алдында, жанында, ортасында, ішінде.

(Ж) Оқулықтағы суретпен жұмыс. (60 бет.)
Ойымызбен бөлісейік.
Суретке қара. Сұрақтарға жауап бер.
1. Қандай ғимараттар бар?
2. Бұл ғимараттар не үшін қажет?
3. Алдында, жанында, ортасында, ішінде көмекші сөздерін пайдаланып, ғимараттардың орналасуын айтып көр.
Презентациядағы сурет бойынша ауызша сөйлем құрастыру.
Оқушылар бірін-бірі бағалайды.
(Ұ) Мәтінді мұқият оқу.
Театр
Театр – ғажап орын. Театрға адамдар көп барады.
Олар әдемі киім киеді. Өз орындарына отырады. Сахнада әртістер ойнайды. Көрермендер қойылым барысында бір-бірімен сөйлеспейді. Театрда қызық пьесалар қойылады.
(Ө) Әр оқушы жеке бір сұрақ құрастырады. Құрастырған сұрақтар топ арасында талқыланады.
Ең үздік сұрақтарды сынып оқушыларына қояды.
Сабақты қорыту.
Дифференциация:
қабылдау деңгейі жоғары оқушылар ауа райын сипаттау мәтінін жазады.
қабылдау деңгейі орташа оқушылар ауа райы туралы бір-екі жай сөйлем жазады.
Үйге тапсырма: Алдында, жанында, ортасында, ішінде көмекші сөздермен сөйлем құрастыру. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу №2 Көлікте (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Ауа райы (1-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Сынып бөлмесінің үлгісі мен сызбасы (1-сабақ) (1 сынып, 2 бөлім )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қуыршақ көріністерін жасау А С Пушкин «Балықшы мен Алтын балық» ( орыс ертегісі) (2 сынып, III тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Отбасы туралы кітаптардан және экраннан әңгімелер оқу (2 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Демалыс күндері туралы оқу №1 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Демалыс күндері туралы оқу №1

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]