Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ) (2 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы:Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)2.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі көптік / тәуелдік / септік / жіктік жалғаулы сөздерді ауызша / жазбаша тілде қолдану
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: мұғалімнің қолдауымен шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.
Көптеген оқушылар: шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде қолданады.
Кейбір оқушылар: шағын мәтіндегі септік жалғаулы сөздерді ауызша, жазбаша тілде еркін қолданады.
Сабақ барысы: (Ұ) Қызығушылықты ояту. «Диктор уақыты». Оқушылар берілген шаблонға сүйеніп, күнмен, ауа райымен таныстырады.
• бүгін нешесі?
• бүгін қай күн? (дүйсенбі, т.б.)
• ауа райы қандай?

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
(Ж) «Ішкі шеңбер, сыртқы шеңбер» Оқушылар «атомдар, молекулалар» ойыны арқылы 2 топқа бөлінеді. Белгіленген уақыт ішінде ішкі шеңбердегілер мәтінді мазмұндайды. Уақыт аяқталған соң бір адамға жылжып, тағы мазмұндайды. Содан соң топтар рөлдерімен ауысады.
Тапсырманың мақсаты – оқушылардың айтылым дағдысын дамыту
Дескриптор:
• мәтінді дұрыс мазмұндайды;
• сөйлемдерді дұрыс құрастырады;
• сөздерді дұрыс айтады.
Кері байланыс. «Бағдаршам» арқылы тапсырма бойынша кері байланыс жасайды.
Қызыл түс – қиын болды
Сары түс – аздап қиындау болды
Жасыл түс – жеңіл болды
(МК) Грамматикалық қоржын. Оқушылар берілген сөйлемдерді оқып, белгіленген қосымшалардың мағынасын ашады. Осылайша барыс пен жатыс септік қосымшаларының айырмашылығын таниды.
(Ж) «Оқы, біл». Оқушылар жұпта тиісті сөздің біреуін таңдап мәтінді оқиды.
Жаз келді. Аружан жазғы (демалысқа, демалыста) шықты. Ол отбасымен (теңіз жағасына, теңіз жағасында) барды. Ол керекті заттар – жүзу киімін, сүлгі, шелек, күрек, доп алды. Аружан інісімен (жағажайға, жағажайда) доп ойнады, күнге күйді, (теңізге, теңізде) шомылды. Содан соң құмнан әдемі үй жасады. Олар (теңіз жағасына, теңіз жағасында) бір апта демалды. Демалыс өте қызықты болды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ) 2 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Демалыс күндері туралы оқу (4-сабақ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]