Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су ішудің әдебі (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Су ішудің әдебі (5 сынып, III тоқсан, 1 бөлім )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Денсаулық - зор байлық.
Сабақтың тақырыбы: Су ішудің әдебі
Сабақта іске асатын оқу мақсаты: (оқу бағдараламасынан сілтеме) О1 Мәтіндегі ақпаратты анықтау.
Сабақтың мақсаты: О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту.
Мұғалім түрегеп су іше отырып, келесі сұрақтарды қояды:
- Бүгінгі сабағымыз қандай тақырыпта болу мүмкін деп ойлайсыңдар?
- Нені байқадыңдар?
- Суды ішудің әдебін білесіздер ме?
Оқушылармен ортақ ереже шығару:
«Суды ішудің әдебі»
Мағынаны тану кезеңі.
Оқылым алды тапсырмасы. Оқушылар мәтіндегі жаңа сөздермен танысады.
Сөздер Баламасы
Түрегеп тұрып ішу
Аш қарынға ішу Тамақ ішпеген қарынға ішу
Суытып ішу
Оқылым тапсырмасы. Оқушылар мәтінді оқиды. Мәтінге қатысты тапсырмаларды орындайды.
Су ішудің әдебі
Суды оң қолмен ішу керек. Ішетін суға қарап, сосын ішу керек. Тыныс алғанда, ауаны суға қарай емес, сыртқа беру керек, яғни дем алғанда ауызды стаканнан алу керек. Жазда салқын су ішкен жақсы. Өте мұздай су ішпеу керек. Түрегеп тұрып ішпеген жөн. Аш қарынға су ішпеу керек. Суды ақырындап, асықпай ішу керек. Ауыз толтырып, судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек. Қайнап тұрған нәрсені суытып ішу керек.
1.Төмендегі сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Жазда неге мұздай су ішуге болмайды?
Неліктен суды оң қолмен ішу керек деп ойлайсыз?
2.Берілген ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.
р/с Ақпараттар р/с Ақпараттар Сәйкестендіру жауабы
А Ауыз толтырып 1 асықпай ішу керек.
В Суды ақырындап 2 ішпеген жөн.
С Түрегеп тұрып 3 судың барлығын бір жұтыммен ішпеу керек.
Дұрыс жауап: А3, В1, С2
Оқылымнан кейінгі тапсырма. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
Мәтінде көтерілген мәселеге, ақпаратқа байланысты талқылау сұрағы беріледі:
- Су ішу әдебін сақтау денсаулыққа қаншалықты маңызды?
- Жер бетінде су жойылып кетсе, неге әкеліп соқтырады?
Оқушылар топта сұрақтарды талқылап, пікірлерін ортаға салады......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Су ішудің әдебі 5 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Су ішудің әдебі

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]