Сауат ашудан сабақ жоспары: Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )

Сауат ашудан сабақ жоспары: Денсаулықты күтуді үйрену (1 сынып, 8 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Дені саудың - жаны сау»
Сабақ тақырыбы: Денсаулықты күтуді үйрену
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме 1.1.5.1 түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдану
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Сабақ мақсаттары:
• Сыпайы сөздерді пайдалана отырып әңгімелеу
• Таныс сөздерден сөйлемдер құрастыру
• Қарапайым, сипаттама сөздерді қолдана алу.
Сабақ барысы: (Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Кеудемізде күн күлсін,
Бізге шуақ нұр құйсын.
Мейірімді жан өзіңмен,
Көңілім жайнап құлпырсын!
Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.
(МК) Дене мүшелерінің атауларын атап, білу үшін арналған ойын.
-Екі көзің не үшін керек?
-Жақсыларды көру үшін.
-Екі қолың не үшін керек?
-Елге көмек беру үшін.
-Құлақ деген не үшін керек ?
-Ақыл кеңес тыңдау үшін.
-Тіл мен жағың не үшін керек?
-Ақиқатты айту үшін.
-Ал аяғың не үшін керек?
-Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
(МК) Жаңа сабақты мақал арқылы бастау.
-Балалар, мен мақалдың басын айтамын, ал сендер жалғастыру керексіңдер.
Бірінші байлық – ....... денсаулық!
-Балалар, бұл мақалды қалай түсінесіңдер?
/оқушылардың жауаптарын тыңдау/
(Ұ) Диалог жасау
Денсаулықты қалай күту керектігі туралы оқушылардың бұрыннан бар білімдерін ортаға салдырып, талқылату. Толғандыратын сұрақтарымен бөлісіп, бір-біріне сұрақ қоюға жұмылдыру.
(Т) «Денсаулық-зор байлық» постер құру
Әр топқа ватман мен стикерлер, қима суреттер мен маркерлер беріледі.Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, тапсырманы орындайды.
Тапсырма:Постер құру
1-топ: Спорт ойындары
2-топ:Ұлттық ойындар
3-топ:Қысқы ойындар
4-топ: Жазғы ойындар
Сергіту сәтін өткізу: «Көңілді күн»
(Ұ) Мәтінмен жұмыс
1/Мәтінді оқу
2/Мәтін мазмұнын талдау
«Хоккейшілер»
(Ұ) «Жалғасын тап» ойыны
Денсаулық-зор.....................................
Дені саудың-жаны ............................
Тазалық – денсаулық .......................
Сабақты бекітуге арналған сұрақтар:
1) Денсаулықты қалай күту керек?
2) Денсаулыққа нелер пайдалы?
3) Қандай заттар денсаулығымызға зиян келтіреді?
4) Таза жүру, жуыну, жеміс-жидектер,таза ауа ,спорт туралы не айтуға болады?
5) Үйге барғанда ата-анамызға не айтамыз?....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Денсаулықты күтуді үйрену 1 сынып сауат ашу, сауат ашудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, сауат ашу кыска мерзимди сабак жоспары, Денсаулықты күтуді үйрену

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]