Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) (3 сынып, I тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен»
Сабақ тақырыбы: «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау. (БЖБ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
3.3.1.1* Жоспар, сызбаны қолдана отырып, тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін, көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрап жазу
Сабақ мақсаттары: Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
Мәтіндегі негізгі ойды анықтау
Тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазу.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
-Оқушылар қандай бөлімді аяқтадық?
- Осы бөлімді оқу барысында не білдіңдер, қандай дағдыларды меңгердіңдер?
Өздеріңнің бойыңда қандай қасиеттеріңді дамытқыларың келеді? Айналадағы жағдаяттарға пікір білдіруде әділ болу қолыңнан келеді ме? Ендеше мына суретке назар аударыңдар.
- Суретті көргенде қандай сезімде болдың?
- Бұл сурет туралы не білгің келеді?
- Осы сурет саған қандай ой салды?
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлап, бағалау критерийлерімен таныстыру.
ІІ Негізгі бөлім
(Ө) Оқылым
3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру
3.2.4.1 өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің көмегімен негізгі ойды анықтау
1-тапсырма. Мәтінді оқы.
• Суға батып бара жатқан адамға неліктен ешкім көмек бермеді?
А. Ол өтірік айтып жатыр деп ойлады.
Ә. Ол үнемі шындықты айтады деп ойлады.
Б. Оның сөзіне барлық адам сенеді.
• Ертегі мазмұны бойынша сұрақ құрастырып жаз
1._______________
• Ертегіден өзіңе қандай ой түйдің?
________________
2-тапсырма. 3.3.1.1 Тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін құрап жазу
Тірек сөздерді қолданып, ертегіні қалай аяқтар едің?
Тірек сөздер: құтқарды, түсінді, шындық, қуанды.
Өзеннің қатты ағысымен суға батып бара жатып: «Суға батып барамын, көмектесіңдер! Құтқарыңдар!» деп айқайлайды. _________________
(Ұ, МК) Өз-өзіңді тексер.
Жазба жұмысыңды қайта оқып, тексеріп шық.
- Сөйлемдер түсінікті құрастырылған ба?
- Мәтіндегі сөйлемдердің өзара мағыналық байланысы сақталған ба?
- Сөйлемнің емлесі сақталған ба?
- Cөздердің қатесіз жазылуын тексер.
(Ұ) Бөлім бойынша өткенді пысықтау. «Сұрақтар ілмегі» әдісі бойынша алдыңғы білімді пысықтау.
- Дауыссыз дыбыстарды ата.
- Э дыбысы қандай сөздерде кездеседі?
- Ч-щ дыбыстары қандай дыбыс түріне жатады?
- Өзге тілден енген қандай сөздерді білесіңдер?
(Ө. Қ) «1 минуттық жазу» Өзге тілден енген сөздерді жазу. Өзара тексеру.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 11-сабақ Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: Өткенді пысықтау «Жанды табиғат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: № 12-сабақ Пайымдау мәтінін құраймын (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 1-тоқсан жиынтық бағалауы (ТЖБ) (3 сынып, I тоқсан )
» Қазақ тілінен сабақ жоспары: 7- сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері (3 сынып, I тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ) 3 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, «Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау(БЖБ)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]