Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемдегі ең ірі кітапханалар (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ тілінен сабақ жоспары: Әлемдегі ең ірі кітапханалар (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Әлемдегі ірі кітапханалар
Сабақтың тақырыбы: Әлемдегі ең ірі кітапханалар
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.1.2.1. Т\А Әртүрлі жанрдағы мәтіндерді талдау
Сабақтың мақсаттары: Әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (нұсқаулық, құттықтау, хабарландыру, өмірбаян, жаңалық, интервью) көтерілген мәселені талдау.
Сабақ барысы: Кітап - алтын қазына.
Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.
Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
Кітап - ғалым, тілсіз мұғалім.
Кітап көзі жұмыққа арзан,
көзі ашыққа маржан.
Кітап - оқығандікі, білім тоқығандікі.
Мақалдардың мағынасын ашады, сабақ тақырыбын болжайды. Оқушыларға сабақтың смақсаты мен күтілетін нәтижелер таныстырылады.
Тыңдалымалды тапсырмасы:
Кітапханаға жиі барасыз ба?
Кітап оқуды ұнатасыз ба?
Кітап оқу мен кино көрудің қайсысын таңдар едіңіз? Неге?
Кітап оқу-демалудың бір жолы деген пікірге көзқарасыңыз қандай?
Әлемдегі қандай кітапханаларды білесіз?
Осы сұрақтарға оқушылар «Еркін микрофон» әдісі арқылы жауап береді.
ЖЖ. Тыңдалым тапсырмасы:
Бейнематериал қандай жанрда берілген? Онда қандай мәселелер көтеріледі?
Әлемдегі он екі кітапхананың тізімін жазып шығыңыз. Он екі кітапхананың бірін таңдап, сол кітапханаға арнап құттықтау немесе интервью жазыңыз. Сөз саны-150-160.
Әр оқушы өз тапсырмасын орындап болғаннан кейін бірдей тапсырмалар бір-бірімен ой бөліседі де, өз ойларын ортаға салады. Бірінің тапсырмаларын бірі толықтырады.
Мұғалімнің кері байланысы беріледі.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:
Бейнематериал сізді несімен қызықтырды?
Жүргізуші орнында болсаңыз осы мәтінді қалайша жеткізер едіңіз?
Бағалау критерийі бойынша топтағы оқушылар өз тобының оқушыларын бағалайды. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Әлемдегі ең ірі кітапханалар 6 сынып қазақ тілі, қазақ тілінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак тили кыска мерзимди сабак жоспары, Әлемдегі ең ірі кітапханалар

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]