Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» №2 (6 сынып, II тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» №2 (6 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Ұзақ мерзімді жоспар бөлім: Абайды оқы, таңырқа!
Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» №2
Оқу бағдарламасына сілтеме: Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні
6.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласын анықтай алады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
Шығармалардың сюжеті мен фабуласына талдау жасай отырып, жанрлық ерекшелігін ажыратады.
Сабақ барысы:
Психологиялық ахуал
– Балалар, айналамызда көңіл күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік!
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.
Қызығушылықты ояту
Бала Абай дана Абайға қалай айналды?
Абай – қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі.
Мұхтар Әуезов
Мұғалім сөзі.
Мұғалім ақынның қысқаша өмірбаянымен таныстырып, оқушыларға «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» және «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерінің көшірмелерін таратады.
Топта оқушылар түсінбеген сөздердің мағынасын табу үшін сөздік қолданады.
Мұғалім «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін оқиды немесе таспадан (диск) тыңдатады.
Топтық жұмыс
Оқушылар Абай Құнанбаев туралы білгендерін талқылайды. Олар ақынның лирикасы туралы (олар оқыған кез келген шығарма) туралы білетіндеріне қатысты постер жасайды.
Мұғалім оқушыларға Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерін бөліп береді.
Кейін оқушылар өлеңдер мазмұны туралы ой бөліседі. Топта бір-біріне оқып береді.
Дескрипторлар:
- ақынның шығармашылығына талдау жасайды;
- тақырып бойынша мазмұнды постер жасайды;
- өлеңдердің жанрлық ерекшелігіне талдау жасайды.
Жеке жұмыс
Менін Абайдың ақындық қабілетіне берер бағам
Абай Құнанбаевты «Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетінде жариялаған мақаласында «Қазақтың бас ақыны» деп бағалаған. Шынында да, Абай – қазақ әдебиеті тарихында теңдесі жоқ суреткер ақын. Абайдың шығармашылық өмір жолына баға беріңіз.
Дескрипторлар:
- өз ойын жазбаша жеткізеді;
- ақынның шығармашылығына баға береді;
- сөз саны – 50.
«Автор орындығы». Қалыптастырушы бағалау. ....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: «Аяз би» ертегісі (6 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: С Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып» «Шәкірт ойы» (6 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбайұлы«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңі (6 сынып, II тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» (6 сынып, II тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» №2 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Абай Құнанбайұлы «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» «Ғылым таппай мақтанба» №2

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]