Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 4-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Тәуелсіздік - қасиет тұнған ұлы ұғым
Сабақтың тақырыбы: Р.Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 4-сабақ
Сабақ мақсаты: Кейіпкерлер қарым-қатынасын отбасылық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаз.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту кезеңі
Мұғалім тақтаға «Қарым-қатынас қандай болу керек?» деген сұрақты жазып қояды. Оқушылар кезекпен-кезек шығып бір сөзбен ойын жазып кетеді. Мысалы:
- Сыйластықта
- Жақсы
- Анасын сыйлау керек
- Жақсылық жасау керек
- Отбасы басты орында болу керек
- Тілін құрметтеу керек
Жазғандарын сынып оқушылары оқып болғаннан кейін мұғалім қойған сұраққа жұпта сөйлеседі. Сұрақтар:
• Суретші мен анасының қарым-қатынасы қандай?
• Анасының баласын қабылдамауы тым қатігездік емес пе?
• Туған жеріне қайтуға қаймығатын суретшіні түсінуге бола ма?
Мағынаны тану кезеңі
1-тапсырма
Әдеби эссе туралы білімдерін мұғалім естеріне түсіріп кеткеннен кейін, төмендегі тақырып ұсынылады:
«Ардақты ана тілім мені бала сияқты қолымнан жетелеп, ауылымнан алып шығып, адамзат әлеміне әкеліп қосты», - деген Расул Ғамзатовтың бойындағы тілге деген құрметі, сүйіспеншілік сезімі «Менің Дағыстаным» әңгімесіндегі ананың бойында қалай көрініс тапқан?
Эссенің сөз саны - 120-150
Мұғалім қолдауын қажет ететін оқушыға арналған тапсырма:
Автор Мәтіндегі ой Менің пікірім
Адамгершілік қасиеті
Өмірлік қағидасы
Тәрбие алған ортасы....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 3-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 2-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 1-сабақ (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Әдеби-сыни эссе (6 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Расул Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі Әңгімедегі автор мен кейіпкер бейнесі (6 сынып, IV тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 4-сабақ 6 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Р Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі 4-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]