Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ (8 сынып, III тоқсан )

Пән: қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Махаббат және абырой
Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау;
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.
Сабақ мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды;
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.
Сабақ барысы:
Топқа бөлу. «Смайликтер» арқылы топқа бөлу.
Үй тапсырмасы: «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыпты пысықтау сұрақтарын қою.
Қызығушылығын ояту:
Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін тыңдатып, бүгінгі тақырыпты анықтау.
1 – тапсырма. «Алтын микрофон» ойынын ойнату арқылы күй мен поэманың арасында қандай байланысты сезгенін сұрау.
2-тапсырма. Топтық жұмыс
1-топқа:табиғат суреттелетін үзінділерін табу, талдау;
2-топқа: аққудың әсемдігін суреттейтін сөздерді табу, талдау;
3-топқа: оқ тиген аққудың мүшкіл халін сипаттайтын деталдарды жазу, талдау.
4-топқа: Шығармадағы көркемдегіш құралдарды анықтау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдайды. Табиғат суреттелетін үзінділерді анықтайды
Аққудың сұлулығын суреттейтін сөздерді анықтайды
Жаралы аққу бейнесіне талдау жасайды
Баяндау, пейзаж, суреттеулерге мысалдар келтіреді.
Аққу мен кейіпкер арасындағы психологиялық параллелизмді анықтайды.
Риторикалық сұрақты кейіпкер монологының ішінен табады.
Қалыптастырушы бағалау
Топтар бір-бірін бағалайды.
3-тапсырма.«Мен үшін аққу...» тақырыбында постер қорғау.
Бағалау критерийі Дескриптор
Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; Шығармадан 3факт келтіреді.
Өмірден 1 мысал арқылы дәлелдейді.
Мақал-мәтел, дәйек сөз, нақыл сөздер қолданады.
Креативті бейнелейді.
Қалыптастырушы бағалау
Сергіту сәті: «Импульс» ойыны.
Сабақты қорыту:«Автор орындығы». «Егер мен автор болсам...». Оқушылар автор бейнесіндегі оқушыға шығарманы оқу барысында туындаған сұрақтарын қояды.......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Жүніс Сахиев «Айдағы жасырынбақ» әңгімесі 10-сабақ (8 сынып, IV тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Суреткерлік иірімдері (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 4-сабақ (8 сынып, III тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Ақтамберді Сарыұлы «Күлдір-күлдір кісінетіп» толғауы 4-сабақ (8 сынып, I тоқсан )
» Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары: Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Қасиет пен қасірет (8 сынып, III тоқсан )

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ 8 сынып қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінен қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, казак адебиет кыска мерзимди сабак жоспары, Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы 7-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]