Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй құдіреті (3 сынып, III тоқсан)

Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Күй құдіреті (3 сынып, III тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Өнер
Сабақ тақырыбы: Күй құдіреті
Оқу мақсаттары: 3.1.5.1 өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана отырып жеткізу
3.2.1.2 шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз жүгіртіп/ шолып/ түртіп алып/ қажетті ақпаратты тауып/ белгі қойып/сын тұрғысынан бағалап оқу
Сабақ мақсаттары:Барлық оқушылар: шығарманы іштей саналы түрде түсініп оқиды
Көпшілік оқушылар: көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді
Кейбір оқушылар: шығармаға байланысты қажетті ақпаратты тауып, көркем оймен жалғастырады.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Гүлмен тілек»(сергіту және топқа біріктіру)
Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сандар бойынша топқа біріктіріледі.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру,
Сабақтың ортасы
1-тапсырма
(Ж,Ұ) «Джигсо» әдісі
Мәтін екі бөлікке бөлінеді оқушыларда төрт адамдық шағын топтарға бөлініп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») тобы құрылады,сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің № 1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
Саралау:
Ынтымақта бірлікте жұмыс жасап, білгенін жолдастарымен бөлісіп, тақырыпты ортаға салып талқылайды
2-тапсырма
Интербелсенді тақтадан «Ақсақ құлан» бейнеклипінен үзінді көрсетіледі
(Т,Ұ) «Модельдеу» әдісі
Жазушылар тобы
Күй тыңдау барысынада көз алдарыңа елестеген табиғатты қағаз бетіне түсіріп эссе жазу.
Ғалымдар тобы
Күй өнері туралы мағлұмат беру
(анықтамалық кітаптарды қолдану, іздену)
Ақындар тобы
Мына сөздерге байланысты төрт жол өлең шығару: табиғат, күй, кең дала, жыр.
Суретшілер тобы
Тыңдаған күйге байланысты көз алдарыңа елестеген табиғат көрінісін қағаз бетіне түрлі-түсті бояумен түсіру.
Саралау: Топта балалар бірге жұмыс жасайды және өз идеяларын айтуға үйренеді
ҚБ «Бір-бірін бағалау»
Топтар бір-бірінің жұмысын бағалау арқылы әр топ өз жұмысында нені жақсарту керектігін анықтайды.
3-тапсырма
Талдау
Топтарға оқуға қосымша ақпарат таратылады. Топтағы оқушылар кестені толтырады.

Білемін Білдім

Саралау:Көмек қажет ететін оқушыларға түсіндіру жұмысымен бірге қосымша уақыт беріледі. Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше толтырады

ҚБ «Қол шапалақтау»
Тапсырманы дұрыс орындағандарды қол шапалақтау арқылы бағалау
4-тапсырма
(Ж,Т) «Мозайка» әдісі
Әрбір топқа сурет қиындыларын тарату. Оқушылар сурет қиындыларынан сурет құрастырып,суретке қарап әңгіме құрастырады. Әңгіме құрастыру кезінде көркем -бейнелі сөздерді қолдана отырып,өз ойын жеткізеді
Саралау:Топтық тапсырмалар арқылы оқушылардың ынтасы артады. Оқушылар бір-бірін тыңдайды және толықтырады
ҚБ «Бағдаршам»
Жасыл түс(тапсырманы толық,дұрыс орындаса)-Өте жақсы
Сары түс(тапсырманы толық орындамаса)-Жақсы
Қызыл түс(тапсырма толық емес және қателіктер болса)-Орташа....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру Төлеген Айбергеновтің «Аппақ қыс» (4 сынып, III тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Әлемнің кереметтері Вавилонның аспалы бағы (3 сынып, II тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық-борышың» (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Абайдың қара сөзі (3 сынып, I тоқсан)
» Әдебиеттік оқудан сабақ жоспары: Шығарманы мазмұндау Мұхтар Әуезов «Әбілмансұр» (3 сынып, III тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Күй құдіреті 3 сынып әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқудан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, адебиеттік оку кыска мерзимди сабак жоспары, Күй құдіреті

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]