Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері (7 сынып, II тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері  (7 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Қысқа мерзімді жоспар бөлімі: Гидросфера
Сабақ тақырыбы: Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
Сабақ мақсаттары: Мұхит суының тұздылығына сипаттама жасайды
Мұхит суының температурасына сипаттама жасайды.
Оқушылар атлас картаны қолдана отырып мұхит суының қасиеттерінің таралуы бойынша талдайды.
сәлемдесу
түгелдеу
ынтымақтастық атмосферасын құру
Өткен сабақты бекіту үшін тапсырма
Жеке жұмыс. Сәйкестендіріңіз: мұхиттар мен нысандарды сәйкестендіреді
Тақтада көрсетілген кілттер арқылы өз-өздерін тексереді.
Мұхит суының температурасы
Тақырыпшасы бойынша презентация арқылы түсіндіру
 1 тапсырма. Топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 3 минут, ал қорғауға 1 минут уақыт беріледі.
Оқушыларды 4 мұхит бойынша топқа біріктіру
1. Тынық
2. Атлант
3. Үнді
4. Солтүстік мұзды
Тапсырма бойынша оқушылар атлас картаны қолдана отырып топпен аттас мұхиттың температурасы бойынша талдау жасайды.
• Температурасы жоғары 2 ауданды белгілеңіз
• Температурасы төмен 2 ауданды белгілеңіз
• Температураның ендік бойынша өзгерісін анықтап, температураның ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды атаңыз
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/ –
Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
1 Температурасы жоғары 2 ауданды белгілейді
2 Температурасы төмен 2 ауданды белгілейді
3 Температураның ендік бойынша өзгерісін анықтайды
4 Температураның ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды талдайды
Бағалау: Жұмысын қорғаған топты, отырған оқушылардың кез келгені дескриптор арқылы бағалайды.
Мұхит суының тұздылығы
Тақырыпшасы бойынша презентация арқылы түсіндіру
2 тапсырма. Топтық жұмыс. Жұмысты орындауға 3 минут, ал қорғауға 1 минут уақыт беріледі.
Тапсырма бойынша оқушылар атлас картаны қолдана отырып топпен аттас мұхиттың тұздылығы бойынша талдау жасайды. Және температурамен байланысын сипаттайды.
• Тұздылығы жоғары 2 ауданды белгілеңіз
• Тұздылығы төмен 2 ауданды белгілеңіз
• Тұздылықтың ендік бойынша өзгерісін анықтап,тұздылықтың ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды атаңыз.
Бағалау критерийі р/с Дескрипторлар +/ –
Мұхит суының қасиеттеріне әсер ететін факторларды анықтайды
1 Тұздылығы жоғары 2 ауданды белгілейді
2 Тұздылығы төмен 2 ауданды белгілейді
3 Тұздылықтың ендік бойынша өзгерісін анықтайды
4 Тұздылықтың ендік бойынша өзгерісіне әсер ететін екі факторды талдайды
Бағалау: Жұмысын қорғаған топты отырған оқушылардың кез келгені дескриптор арқылы бағалайды.
Қосымша тапсырма.
Мұхит суының тұздылығы бойынша есеп шығару
Егер 7 тонна суда 280 кг тұз болса. 1 кг суда қанша грамм тұз болады?
Егер 8 тонна суда 720 кг тұз болса, 3 кг суда қанша грамм тұз бар? ......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Географиядан сабақ жоспары: Мұхит суының қозғалыстары (7 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Дүние жүзілік мұхиттардың географиялық орналасуы (7 сынып, II тоқсан)
» Географиядан сабақ жоспары: Ғаламдық проблемалардың себептері мен салдары (10 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 1-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Мұхиттар табиғатының ерекшеліктері 2-сабақ (Жаратылыстану, 6 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері 7 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Дүниежүзілік мұхит суларының қасиеттері

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]