Географиядан сабақ жоспары: Су апаттары №1 (8 сынып, II тоқсан)

Географиядан сабақ жоспары: Су апаттары №1 (8 сынып, II тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық география
Сабақ тақырыбы: Су апаттары №1
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме)8.3.3.7 жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде су апаттарының алдын алу шараларын ұсынады
Сабақ мақсаттары: су апаттарының салдарын білу
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.
(М) Су тасқыны — өзен, көл, теңіз бен су қоймасына жақын орналасқан аймақтарды су басуы, ол материалдық шығындарға әкеледі, адамдар денсаулығына және адамдардың қаза табуына әкеліп соғады.
(С) Сынып жұмысы.
Оқушыларға бірнеше суреттер беру.
Осы суреттегі су тасудың себебі қандай? Оқушылар өздерінің білімдерін көрсетеді (қосымша №1)
Су тасудың себептері:
Нөсер, ұзақ жауын-шашын;
Қардың еруі;
Цунами;
Өзен түбінің көтерілуі;
Жасанды су қоймаларының бұзылуы.
Қазақстанның су тасу аудандары белгіленген картаны көрсету.Қазақстанның қай аймағында су тасқыны жиі болып тұрады? Себебі неде?
(қосымша №2)
Бейнефильм: СУ ТАСҚЫНЫ

Бейнефильм бойынша сұрақтарға жауап беру.
Себебі
Салдары
Су тасқыны ұғымымен танысу.
Суреттермен жұмыс.
Топқа бөлу:
• 1-топ – Бангладеш
• 2-топ – Қытай
• 3-топ – АҚШ
• 4-топ – Филиппин
• 5-топ – Қазақстан
Тапсырма: жоспар бойынша су тасу бойынша кластер құрастыру.
• 1-топ – Бангладеш (1970)
• 2-топ – Қытай (1931)
• 3-топ – АҚШ (2008)
• 4-топ – Филиппин (2010-2011)
• 5-топ – Қазақстан (2015, Алматы)
•Себептері;
•Салдары;
-экономикалық;
- экологиялық;
- әлеуметтік.
•Алдын-алу шаралары
Оқушылар кластер құрып болған соң слайд арқылы су тасқыны кезіндегі қорғау шаралары бойынша көрсетіп түсіндіру.
Су тасудың алдын-алу шаралары:
Дамбаларды құрастыру;
Су қоймаларын салу;
Өзендер арнасын бұру.
Су тасу кезінде не істеу қажет:
Газ, су, электр қуатын сөндіру;
Бағалы заттарды (куәліктерді) жоғары этажға (чердакка) көтеру;
Төменгі этаж есіктері мен әйнектерін жабу (қосымша заттарды пайдалану);
Жоғары орынға көтерілу (жоғарғы этаж, ағаш, үйдің төбесі)......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
сабақ жоспары Су апаттары №1 8 сынып география, географиядан қмж кмж қысқа мерзімді сабақ жоспары, поурочные планы на казахском языке, география кыска мерзимди сабак жоспары, Су апаттары №1

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]