Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 5.4В Сарматтар
Сабақ тақырыбы: Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары): 5.1.1.3 ғұндардың қоныс аудару бағыттарын тарихи картадан көрсету
5.3.2.2 Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау
Сабақтың мақсаттары: Барлық оқушылар:
тарихи фактілерге және карталық мәліметтерге сүйене отырып, тарихи оқиғаның даму желісін құрастырады
тарихи кезеңдердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Оқушылардың басым бөлігі:
тарихи фактілердің маңыздылығын түсінеді.
Кейбір оқушылар:
тарихи кезендердің ерекшеліктерін анықтайды және салыстырады
Ұйымдастыру кезеңі.
 Оқушылармен амандасу.
 Оқушыларды түгелдеу.
 Топқа бөлу:
• «Ғұндар дәуірі» тобы
• «Еділ қаған немесе Аттила» тобы
• «Мөде қаған» тобы
 Өткен сабақтарды еске түсіру.
Б Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін Аттила туралы бейнебаяннан үзінді көрсетемін. Бейнебаяннан кілт сөздерді жазып отыруды тапсырамын. Оқушылардың алған әсерлерімен бөлісуін сұраймын. Бейнебаян арқылы тақырыпқа шығамын.
Еділ (Аттила) патшаны білесің бе?

Б Оқушыларға дүниежүзі тарихынан атақты әскери қолбасшылар мен Аттиланың суретін көрсетемін. Осы тұлғаларды не байланыстыруы мүмкін? деген сұрағын қоямын. Аттила тұлғасына тоқталып, суретке негізделе отырып оқушыларды оған мінездеме беруді сұраймын. Аттила әйгілі қолбасшы болу үшін қандай қасиеттерді өз бойына сіңірген?
Бүкілсыныптық талқылау ұйымдастырамын.
Зерттеу мен талдау
Оқушылар арасынан екі немесе үш өзара бағалау сарапшыларын (бұдан әрі бағалау сарапшылары) тағайындаймын. Бағалау критерийлерін өздері құрастырады.
Қосымша 1.
Т Оқушыларға Аттила туралы жазылған түрлі пікірлерді ұсынамын.
Оқушылардың міндеті: Аттилаға жан-жақты мінездеме беру.
Тапсырманы орындамас бұрын әр топтан 3 сарапшы таңдап аламын. Оқушылардың жұмысын сарапшыларға бағалатамын.
Критерийлері:
1. Аттиланың өмір сүріп отырған дәуіріне сипаттама жазу;
2. Аттиланың өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;
3. Аттиланың тарихи орны, іс–әрекеті, тұлға ретіндегі қызметі;
4. Аттиланың тұлға ретіндегі қасиеті, ерекшеліктері;
5. Аттила туралы оқушының пікірі.
Мысалы,
«Ол халықтарды тітірентіп, елдердің барлығына үрей үймелетіп, барлық жерде өзі туралы өте кең ұғым таратқан еңіреген ер еді. Оның қадамдары паң, қарағанда жанары ұшқындап, дене қозғалыстарының өзімен аспандаған өз қуатын айғақтап тұратын. Соғысты сүйетін ол тіршілікте қайырымды, бір рет сенгенге мейірбан болатын. Сырттай қарағанда тапал, кең кеуделі, кішкентай көзі сығырайған, бурыл тарта бастаған сирек сақал, тәмпіш мұрын, терісінің түрі адам жиіркенгендей ол өз тегінің бар белгілерін паш еткендей».
Иордан, гот тарихшысы,
«Геттер мен олардың іс-әрекеті» еңбегінің авторы......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Неге Мөде шаньюй «Жер-мемлекеттің негізі» деді? (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ғұндар мен Ұлы Қытай қорғанының салынуы арасында қандай байланыс бар (1 сағат) (Қазақстан тарихы, 5 сынып, ІV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 6 сынып, І тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): XIII – XV ғғ. өнер мен әдебиет ортағасырлық қоғамды қалай бейнелейді? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж сабақ жоспары Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді? 5 сынып тарих, қазақстан тарихынан ұмж умж ұзақ мерзімді сабақ жоспары, долгосрочный план на казахском языке, қазақстан тарихы умж ұмж узак мерзимди сабак жоспары, Ежелгі авторлар Аттилаға қандай баға береді?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]