Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдылық теориясының негіздері 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдылық теориясының негіздері 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мeрзімді жоспардың тарауы: Ықтималдылық теориясының элементтері
Сабақтың тақырыбы: Ықтималдылық теориясының негіздері 2-сабақ
Осы сaбaқтa қол жеткізілетін оқу мaқсaттaры (оқу бaғдaрлaмaсынa сілтеме): 9.3.2.1 кездейсоқ оқиғалар, элементар оқиғалар, тең мүмкіндікті оқиғалар, қарама-қарсы оқиғалар, оқиғаға қолайлы нәтижелер ұғымдарының мағынасын түсінеді;
Сaбaқтың мaқсaты: Оқушылар кездейсоқ оқиғалардың түрлерін біледі.

Ұйымдaстыру бөлімі:
Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақ
Мұғалім презентация бойынша ұғымдардың анықтамасын түсіндіріп өтеді.
Оқушылар ұғымдар бойынша туындаған сұрақтарын қояды, мұғалім сыныппен бірге талдап отырып бұл сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларды топқа бөлу
Мұғалім бірінші қосымшадағы кестені ұяшықтарға бөліп қиып, оқушыларға таратады. Оқушылар берілген қиындылар бойынша формуланы, оның атауы, мысал және шешуі бойынша топтарға бөлінеді.

Әрбір топқа алдарында жатқан 6 бөлікке бөлінген плакаттың әрбір бөлігіне оларға таратылған оқиғаларды үйлестіру тапсырылады. Яғни оқушылар топпен ақылдаса отырып өз пайымдаулары бойынша оқиғаларды топтайды.

А={ойын сүйегін бір рет лақтырғанда бірден кем емес ұпай түседі}
В={ойын сүйегін бір рет лақтырғанда бестен кем емес ұпай түседі}
С={ойын сүйегін бір рет лақтырғанда бірден артық емес ұпай түседі}
D={ойын сүйегін бір рет лақтырғанда екіге еселік болатын ұпай түседі}
E={ойын сүйегін бір рет лақтырғанда төртке тең ұпай түседі}
F={ойын сүйегін бір рет лақтырғанда сегізге тең ұпай түседі}
G={ойын сүйегін бір рет лақтырғанда үшке тең ұпай түседі}

Топтар өз жұмыстарын көрсетіп, жауаптарын түсіндіреді.

Оқушылардың жауабы толық тыңдалып болған соң, мұғалім топтардан келесі ұғымдардың анықтамасын сұрайды:
• Кездейсоқ оқиға
• Ақиқат оқиға
• Жалған оқиға
• Үйлесімді оқиға
• Үйлесімсіз оқиға.....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың классикалық анықтамасы 4-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ оқиға 2-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Ықтималдықтың статистикалық анықтамасы 1-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Кездейсоқ оқиға 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Ықтималдылық теориясының негіздері 2-сабақ 9 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Ықтималдылық теориясының негіздері 2-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]