Сабақ жоспары (ұмж): Ырғақты зерттеу (Музыка, 2 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ырғақты зерттеу (Музыка, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Музыка
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған әлем
Сабақ тақырыбы: Ырғақты зерттеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.4.2.1 дыбыстар мен символдардың арасында байланыс бар екенін түсіну
2.1.2.1 ұжымдық музыкалық орындауға әрбір орындаушының жеке үлесін ескере отырып, басқа қатысушылардың орындауының маңыздылығын түсінуді көрсету
Сабақ мақсаттары:
• ырғақтық қозғалыстарды қолдана отырып, музыканы орындайды;
• дыбыс және символдардың арасындағы байланысты таба алады.
.
Оқушыларды ұйымдастыру
Мұғалім сөзі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Айтыңдаршы, сендер ән айтқанды ұнатасыңдар ма?
- Жақсы, ал ән неден тұрады?
Оқушылар жауабы (сөзі, әуені дыбысы, ырғағы)

- Дұрыс айтасыңдар ән әуеннен, сөзден және ырғақтан тұрады. Бүгінгі сабағымыз ырғаққа арналады.
- Ал ырғақты қандай аспаптарда соғуға болады?
Оқушылар жауабы (барабан, бубен, маракас, үшбұрыш)
- Жақсы қазір сендер мына дөңгелек қорапшаның ішінен бір-бір қағаздан аласыңдар. Сонан кейін топтарға бөлінеміз

(оқушылар 2 топқа бөлінеді)

1 тапсырма:
- Жақсы орындарыңа жайғасып болсаңдар келесі тапсырмаға көшейік. Қазір мен әр топқа екі флэш- картадан беремін. Сендер қабырғада ілінген флэш карталардан осы ырғақпен бірдей флэш- картаны тауып алуларың керек. Тапсырма түсінікті ма?
Олай болса бастаймыз.

(оқушылар сынып қабырғаларында ілініп тұрған флэш карталардың ішінен қажетті ырғақты тауып алады.)

Сонан кейін флэш карталарды екі топқа алмастыру. Әр топта 4 түрлі ырғақты флэш- карталар болады.

2 тапсырма: флэш карталарды топтарыңда ақылдасып белгілі бір ретпен орналастырыңдар, сонан кейін ырғақты өздерің қалаған қимыл арқылы соғуларың керек. (мысалы, топылдату, партаны соғу, шапалақтау, секіру немесе т.б)

Дайындалуға 3 минут уақыт беріледі.

Топ қатысушылары кезекпен орындарына тұрып өздері құрастырған ырғақтарды сыныптастарына ойнайды.


3 тапсырма:
- Ал енді балалар, біз осы ырғақты сөздермен айтамыз. Ол үшін менің қасыма әр топтан бір оқушы келіп қолымдағы карточканы алады. Ол карточкада бір тақырып берілген осы сөзді естігенде ең алғаш ойларыңа келген сөздерді парталарыңның үстінде жатқан қағазға жазасыңдар. Сонан кейін ырғаққа салып айтып берулерің керек. Бұл жұмысқа сендерге 4 минут уақыт беріледі.

(оқушылар топтарда дайындалады 1 топ- қыс
2 топ- күз, өзара ырғақтарды бөліседі).....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Ырғақты зерттеу 2 сынып музыка, музыкадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, музыка умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары, Ырғақты зерттеу

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]