Сабақ жоспары (ұмж): Менің мектебімнің қағидаттары (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Менің мектебімнің қағидаттары (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Менің мектебімнің қағидаттары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.2.3 Қоғамда қабылданған әдептілік ережелерін түсіндіру;
3.1.4.2 Спорт түрлерін топтау, спорт түрлерінің қайсысына өзінің қарым-қабілетінің жететінін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
Мектеп өмірін жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды;
• Қоғамдағы әдептілік ережелерін түсіндіреді;
• Өзіне лайық спорт түрін таңдайды;

1. Starter «Ортадағы ой» (ұжымда)
Оқушыларды орындарынан тұрғызып шеңбер құрғызып, үздік мектеп қандай болу керек деген мәселе бойынша пікірлерін айтқызу. Сабақтың мақсатына алып келу.
«Түрлі-түсті пішіндер» арқылы топқа бөлу.


2. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-Мектеп өмірін жақсарту бойынша ұсыныстар жасайды;
-Қоғамдағы әдептілік ережелерін түсіндіреді;
- Өзіне лайық спорт түрін таңдайды;
3. «Үздік мектеп» моделін құрау тапсырмасы (жұпта, топта, ұжымда)
Тапсырмаға кіріспес бұрын оқушылар сабақ тақырыбы бойынша ағаштың қай тұсында тұрғанын бояп белгілейді. (Әр тапсырма сайын белгілеп отырады)

Оқушылар жекелей берілген кестені толтырады.
Мектепте не ұнайды? Мектепте нені жақсартқым келеді?

Жұпта кесте бойынша талқылау жүргізіп, ұсыныстар айтады.
Бірлесіп топта «Үздік мектеп» жобасын жасау үшін жоспар дайындайды. Жоспар бойынша модельді құрастырады және қорғайды.
Бағалау критерийлері:
- «Үздік мектеп» моделін құрастырады.

4. «Мектеп және спорт» тақырыбында пікірлесу (жұпта)
Мектеп пен спорт ұғымдарын байланыстыра отырып, оқушылар өздеріне ұнайтын спорт түрлері бойынша пікір алмасады. Өз талғамдары мен денсаулықтарына орай, қай спорт түріне қабілетті екендіктерін анықтайды. Спорт түріне арналған таратпа парақтан өзіне лайық деген спорт түрін белгілейді.
Талқылау сұрақтары:
- Қай спорт түрін таңдайсың?
- Ол неге саған ұнайды?
- Бұл спорттан өзің қандай жетістікке жетем деп ойлайсың?
- Сен таңдаған спорт түрі мектебіңде бар ма?

Бағалау критерийлері:
- өзінің қабілетінің қай спортқа сәйкес келетінін анықтайды.........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Менің мектебімнің қағидаттары 3 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Менің мектебімнің қағидаттары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]