Сабақ жоспары (ұмж): Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жануарлар
Сабақтың тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 1.3.1.3 Жабайы жануарларды үй жануарларынан ажырату.
Сабақтың мақсаттары: Оқушыларды жабайы және үй жануарларының кейбір түрлерімен таныстыру;
Оқушыларға жабайы аңдардың үй жануарларынан қандай ерекшелігі бар екенін түсіндіру.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды шеңберге жинап, дорбаға салынған жануарлардың мүсіндерін көрсету. (Сиыр, жылқы, қой, ешкі, арыстан, маймыл, жолбарыс, керік, сусиыр, мүйізтұмсық, есек).
- Мұнда не бар екен?
-Қалай ойлайсыңдар, мен не үшін сендерге оларды алып келдім?
-Бүгін біз нені үйренеміз?
Бүгін үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратуды үйренеміз.
(Ұ) Кіріспе тапсырма.
- Оқушылар кезекпен алып, атап тұрғанда, тақтаға кеспе қағазға жазылған атауларын іліп тұру. Әр сөзді айтқызу .
- Олар қалай топтастыруға болады? (Тақтаға «Жабайы жануарлар», «Үй жануарлары» деп кеспе қағазға жазылған атауларын іліп қою). Жануардың мүсінін көрсетіп тұру, ал оқушыларға оның атауын сөздердің ішінен тауып, қажетті топқа қыстыруды сұрау.
- Мына топтағыларды неге үй жануарлары деп атайды?
- Ал мына топтағыларды неге жабайы жануарлар деп атайды?
(Ө) Жұмыс дәптеріндегі (99 б.) Үй жануарлары қандай болады? тапсырмасын ұсыну. Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы бағалау. Өзара тексеруді ұсыну.
(ЖЖ) Суреттерді қарап, үстіңгі және астыңғы қатардағы жұптарды сәйкестендіруді ұсыну.Оқушыларды қасында отырған баламен жұптастырып, екі сұрақ бойынша сөйлесуді сұрау:
- Суретте бейнеленген жануар не істеп жатыр?
- Суреттер несімен ұқсайды? (Сөйлесуге уақыт бөліп беру).
(Ұ) Сұрақтар қою арқылы жабайы аңдар мен үй жануарларының тіршілік ерекшеліктерін түсіндіру.
- Қандай жануарлар бейнеленген? («Құндыз» деп жазылған кеспеқағазды тақтаға ілу).
-Бірінші суретте жануарлар не істеп жатыр? (Ем қабылдап жатыр).
- Құндыз және иттің емделу ерекшелігі бар ма
- Құндызға кім көмектесуде?
- Ал итке ше?
- Екінші суреттегі жануарлар не істеп жатыр? (Қоректеніп жатыр).......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар адамға не береді? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Адам жануарларды қалай асырайды? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Дыбыс көздері. Жануарлар қандай дыбыс шығарады? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлар туралы не білеміз? (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Жануарлардың төлдері (Жаратылыстану, 2 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады? 1 сынып жаратылыстану, жаратылыстанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, жаратылыстану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Жабайы және үй жануарлары. Жануарлар қандай болады?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]