Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар және липидтер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар және липидтер 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Молекулалық биология
Сабақтың тақырыбы: Көмірсулар және липидтер 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.4.1.2 көмірсулар, липидтердің қасиеттері мен биологиялық қызметтерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: көмірсулар мен липидтердің өкілдерін ажырату;
көмірсулар мен липидтердің қасиеттерін сипаттау;
көмірсулар, липидтердің қызметінің маңызын түсіндіру.

Мұғалім оқушыларға құрамында түрлі көмірсулар мен липидтер болатын азық-түлік өнімдерінің атауларын немесе суреттерін көрсетіп, оларды екі топқа бөлуді ұсынады. Бұл тапсырма арқылы оқушылар алдыңғы білімді еске түсіріп, тақырыптың өзектілігін ашады.
Топтастырудың себебін талқылап, бүгінгі сабақта не туралы өтіледі деп ойлайсыздар деп сұрау арқылы сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге анықтап, бағалау критерийлері таныстырылады.

Мұғалім көмірсулар мен липидтердің қасиеттері туралы шағын түсіндірме береді. Оқушылар қажетті ақпаратты түртіп жазып алады.
Оқушыларға ақпараттық парақшалар немесе ноутбуктар таратып беріп көмірсулар мен липидтердің қасиеті мен қызметін зерттеу ұсынылады.
Оқушылар зерттеуді нәтижесі бойынша салыстырмалы кесте толтырып, оны қорғайды.
Кестеде болуы керек: көмірсулар мен липидтердің атаулары, энергетикалық құндылығы (1г зат ыдырағанда бөлінетін энергия), ерігіштігі, биологиялық қызметі.

Кестеде қарастырылуы керек:
ерігіштік – заттар суда ериді немесе ерімейді.
қызметі - құрылымдық және энергетикалық, арнайы қызметі бар.
крахмал –өсімдікте қор жинақталады; гликоген – жануарларда қор жинақталады; глюкоза – бірінші энергия көзі;
хитин – жасушаны қаттылығын қамтамасыз етеді;
сахароза – көмірсулардың тасымалдау формасы; целлюлоза жасуша қабырғасының құрамбөлігі.
Липид түрлері-майлар, балауыз, триглицеридтер, фосфолипидтердің қасиеттері мен биологиялық қызметтері туралы. .....

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар және липидтер 2-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Майлардың химиялық құрылысы мен қызметтері (Биология, 10 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Азық- түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар, көмірсулар. (Биология, 7 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Көмірсулар (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Нәруыздар 1-сабақ (Биология, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Көмірсулар және липидтер 1-сабақ 8 сынып биология, биологиядан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулар, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, биология умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал адистемелик нускаулар, Көмірсулар және липидтер 1-сабақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]