Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнек
Сабақтың тақырыбы: Иррационал сандар және нақты сандар 1-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады.

Ұйымдастыру бөлімі
Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар дайын үлгі арқылы үй тапсырмаларын тексереді, қателерін анықтайды, түзетулер жасайды.
Білімді жаңғырту
Мұғалім оқушыларға жалпы жиын, сандар жиындарын еске түсіру мақсатында ауызша сұрақ қоя отырып жауаптарын алады:
Жиын дегеніміз не? Қалай түсінесіз?
Жиынға өмірден мысал келтіріңіздер
Ал математикада жиынға қандай мысал келтіре аласыздар?
Қандай сандар жиындарын білесіздер?
Ол жиындарға мысал келтірсеңіздер?
Жалпы сол сандар жиындардың белгіленуі қалай? және т.с.с.
Оқушылардың жауаптарын негізге ала отырып мұғалім жалпы сандар жиындарына тағы бір тоқталады және Эйлер диаграммасы арқылы тақтаға сызып көрсетеді.

Осы диаграмма бойынша N – бүтін сандар жиынының ішкі жиыны, ал Z – рационал сандар жиынын ішкі жиыны екенін көрсетеді (N⊂Z⊂Q).

Жұппен жұмыс:
-100; -3/5; 4/10;7; -8; 9/2;0;-6/1;1 сандарының қайсысы:
а) оң бүтін сандар;
б) теріс бүтін сандар;
в) оң бөлшек сандар;
г) теріс бөлшек сандар?

Оқушылар жауаптарын өз дәптерлеріне жазады, кейін жұпта талқылайды.
Дескрипторлар:
оң бүтін сандарды ажыратады;
теріс бүтін сандарды ажыратады;
оң бөлшек сандарды ажратады;
теріс бөлшек сандарды ажыратады.
Жеке жұмыс
Алдымен оқушыларға өздіктерінен орындауға уақыт беріледі, кейін мұғалімнің белгісімен әрбір есептің жауабына «ия» немесе «жоқ» деген карточкаларды көтеріп көрсетеді.
Дұрыс па:

Дескрипторлар:
өрнектің мәнін есептейді;
шыққан сан қай сандар жиынына жататынын ажыратады.
Жалпы сыныпқа тапсырма:
0,33333... санын жай бөлшек түрінде көрсетіңіз.
2,23606798... санын жай бөлшек түрінде көрсетіңіз.
Оқушылар 2-мысалды жай бөлшек түрінде көрсете алмайтындығын түсінеді.
Жаңа материалға шолу
Олай болса бұл сан рационал сан емес, бұндай сандарды иррационал сандар деп атайды.
Анықтама:
Иррационал сан деп кез келген шексіз периодсыз ондық бөлшекті айтамыз. Иррационал санды m/n қатынасы түрінде және керісінше жаза алмаймыз. m/n түріне келтірілмейтін кез келген сан иррационал сан болады.
Тақтадағы тапсырма ауызша орындалады.
Рационал сандар жиыны мен иррационал сандар жиыны нақты сандар жиынын құрайды. Яғни, Q∪I=R,
R- нақты сандар жиын......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Иррационал сандар және нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Нақты сандар (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Нақты сандарды салыстыру 1-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбір 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Иррационал сандар және нақты сандар 1-сабақ (Б-бөлімі) 8 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары адистемелик нускаулык, Иррационал сандар және нақты сандар 1-сабақ (Б-бөлімі)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]