Сабақ жоспары (ұмж): Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Көбейткішті  квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;
Сабақ мақсаттары: Квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану арқылы көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу түрлендірулерді орындау.

1. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындықты тексеру. Сабақта жағымды көңіл күй орнату. Сабақтың тақырыбын, мақсаттарын және міндеттерін анықтау.

Үй тапсырмасын тексеру
Сыныппен фронталды жұмыс жасау.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу алгоритмін түсіндіреді.
Өзін-өзі тексеру және өзін-өзі бағалау (үй тапсырмасы бойынша)
2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Оқушылардың назарын түбір белгісінің астына тек қана теріс емес көбейткішті алуға болатынына аудару керек.
-5√2 өрнегін мысал қарастырып, түбір белгісінің алдында теріс сан тұрған жағдайда алгоритм тәртібін талқылаңыз.
5 көбейткішінін түбір белгісінің астына алу арқылы түрлендіруге болады:
-5√2=-(5√2)=-√(25∙2)=-√50.
a√15 өрнегін, а < 0 болғанда, – а оң көбейткішін түбір белгісінің астына алу арқылы түрлендіруге болады:
a√15=-(-a√15)=-√((-a)^2 ) √15=-√(〖15a〗^2 ).

2.Оқушыларға төмендегі формулаларды еске салыңыз:
√(a^2 )=|a|
√(a^2n )=|a^n |
Берілген формулаларды көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығаруда қолдануын қарастырайық:
а) √(a^7 )
Берілген өрнек a≥0 болғанда мәні бар, онда
√(a^7 )=√(a^6∙a)=|a^3 | √a=a^3 √a.
б) √(〖-a〗^7 )
Мына жағдайда өрнектің a≤0, болғанда мәні бар, бұдан:
√(-a^7 )=√(a^6∙(-a))=|a^3 | √(-a)=〖-a〗^3 √(-a).
в) √(〖5c〗^10 ) , мұндағы c < 0
√(〖5c〗^10 )=|c^5 | √5=〖-c〗^5 √5.

3. Бекіту
Жұптық жұмыс
Оқушылар жұпта келесі 2 тапсырманы орындайды. Оқушылар бір біріне шешімдерді кезекпен түсіндіреді, дәптерлеріне жазады. Мұғалім сыныпты аралап, оқушыларға көмектеседі.

1. Көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына ал:
а) x√2, где x < 0; б) -9√y; в) a√(-a); г) p^2 √(2p^5 ).

2 Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығар:
а) √(-125m); б) 2√(〖2t〗^8 ) , где t < 0; в) -a√45; г) 5√(0,02q^9 ).

Жеке жұмыс
Оқушылар формативті бағалаудың тапсырмаларын орындайды. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар мұғалімге дәптерлерін тексеруге береді......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадраттық түбірі бар өрнекті түрлендіру 1-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 3-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері 4-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Квадрат түбір 2-сабақ (А-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі) 8 сынып алгебра, алгебрадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, алгебра умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары адистемелик нускаулык, Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу 2-сабақ (Б-бөлімі)

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]