Сабақ жоспары (ұмж): Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? (Дүниетану, 1 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өзім туралы
Сабақтың тақырыбы: Оқушының күн тәртібі қандай болу керек?
Осы сабақта қол жеткізілетін (ОБ сілтеме): 1.1 Мен және менің отбасым
Сабақ мақсаттары: 1.1.2.4 Күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру
1.1.2.5 тәулік бөліктері мен апта күндерінің атауларын қолдану.

Шаттық шеңбері. «Арайлап атсын әр таңым» Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Қуан, шаттан!
Қуан, шаттан!
Қуанатын күн бүгін.
Қайырлы таң, Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін!
Сабақты тосын сыйдан бастаймын. Алдын ала сағат салынған қорапты дайындау. Оқушылардан ішінде не бар екенін сұрау және төмендегі жұмбақты жасыру.
Жұмбақ
Уақытты өлшеп,сана
Таппайды тағат. Бұл не? (сағат)
- Бұл сағат не үшін керек деп ойлайсыңдар?
- Сағаттың көмегімен нені өлшейді?
(Т,Ә,Р,Т,І,Б,І) қима әріптерінен тақтада жазылып тұрағн КҮН сөзіне жалғастырып құрастырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын жазу.
(Ұ) Мұғалім балаларға келесі сауалдарды қояды: «Сен күнде ұйқыдан қай уақытта тұрасың? Ұйқыдан тұрған соң сен әдетте не істейсің?».
Өз уақыттарын қалай өткізетіні және не істейтіні туралы әңгіме құрайтынын ескертіңіз. Олар өздеріне әңгімелеуге көмектесетін және күн тәртібін көрсететін кесте құрастырады.
Оқулықпен жұмыс. «Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқу.
(МК) Күн тәртібі кестесімен таныстыру.

(Ж) Жұппен жұмыс. Оқушылар жұптасып сурет бойынша әңгімелеседі. Берілген сөйлемдерді жалғастырады.

(Ө)Уақыт кестесі шаблонын пайдалана отырып, оқушылар үйде өткізген бір күні бойынша өз кестесін құрастырады.
Бұдан кейін белсенді тақтадан «Күн тәртібі» тақырыбында балапан және оның достары мультфульмін көруді ұсыну...........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Оқушының күн тәртібі қандай болу керек? 1 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалық материал, Оқушының күн тәртібі қандай болу керек?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]