Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи апаттар дегеніміз не? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи апаттар дегеніміз не? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Жанды табиғат»
Сабақ тақырыбы: Табиғи апаттар дегеніміз не?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.2.2 Қолайсыз ауа-райы табиғи климаттық жағдайларда өзін- өзі ұстау ережелерін құрастыру
3.2.3.2 Геологиялық және табиғи – климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• Табиғи апаттар ұғымын түсінідіре алады;
• ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіре алады;
• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастыра алады.

1. Топқа бөліну «Жау, жау, жаңбыр»
Оқушылар өздерін жауын тамшылары ретінде сезініп, сыныпты аралап жүреді. Ұстаздың «жау жау жаңбыр» деген сөздерін естігенде, дайын тұрған 4 топ парталарының қай орны бос соған тез жайғасады. Мақсаты: тамшы ауада қалмай тез «жерге» жетіп, бос орынға отыру. «Жау, жау жаңбыр» әнін қосып қоюға, бірге айтуға болады.

2. Ассоциация құру Талқылау және ой білдіру (жеке, топта, ұжымда)
Оқушыларға «ТАБИҒИ АПАТ» ұғымына ассоциация құру ұсынылады. Ол үшін ең алдымен оқушылар параққа өздері жеке орындайды, кейін топта кең ассоциация құрып, плакатқа түсіреді. Әр топ жұмыстарын бір-біріне көрсетіп салыстырады.

3. Сабақ мақсатын анықтау
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
-табиғи апат ұғымын түсінідіреміз;
-ауа райы мен климаттық жағдайлардың адам өміріне әсерін түсіндіреміз;
-ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстау ережелерін құрастырамыз.
4. «Ойлаудың 6 қалпағы» стратегиясы (топта)
Табиғи – климаттық апаттар туралы білімдерін толықтыру мақсатында бейнефильм көрсетіледі.
Көрсетілім алдында 4 топқа 4 түсті қалпақ таратылып беріледі (6 қалпақтың ішінен таңдатуға болады)
Оқушылар қалпақ түсіне қарай видеоақпаратты талдайды.


5. «Дебат» әдісі (топта)
Бірінші топ «Жауын-шашын пайдалы», екінші топ «Жауын шашын - зиянды», үшінші топ «Күн саулесі пайдалы», төртінші топ «Күн сәулесі - зиянды» (Жел-пайдалы, жел – зиян т.с.с) деген көзқарасты қорғайды. Әр топ өз көзқарастарын өмірден мысалдар келтіре отырып дәлелдейді.
Бағалау критерийлері:
• адам өміріне ауа райы мен климаттық жағдайлардың әсер ету дәлелдерін келтіреді;

6. «Жаднама жаса» тапсырмасы(жеке немесе жұпта)
Оқушылар «Табиғи – климаттық апаттар туындаған жағдайдағы адам өмірінің қауіпсіздік ережелері» жаднамасын құрастырады.Алдын ала жаднаманы бағалау үшін, бірлесіп, ортақ критерилер құрастырады.

Бағалау критерийлері:
• ауа-райы қолайсыз жағдайларда өзін-өзі ұстаудың негізгі 3 ережесін құрастыра алады..........

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:

Ұқсас мақалалар:
» Сабақ жоспары (ұмж): Ауа райы адамдарға қалай әсер етеді? (Дүниетану, 3 сынып, I тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Табиғат және менің қауіпсіздігім (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Айналамыздағы қауіп-қатерлер (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Табиғи апаттар. Су тасқыны (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)
» Сабақ жоспары (ұмж): Адамдардың алғашқы қоныстары қашан және қалай пайда болды? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Іздеп көріңіз:
умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Табиғи апаттар дегеніміз не? 3 сынып дүниетану, дүниетанудан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал әдістемелік нұсқаулық, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, дүниетану умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалық материал адистемелик нускаулык, Табиғи апаттар дегеніміз не?

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]