Өмірбаян: Әлішер Кәрімов (1985 жылы 28 қазан)

Өмірбаян: Әлішер Кәрімов (1985 жылы 28 қазан)

Әлішер Кәрімов - (1985 жылдың қазан айының 28- жұлдызы күні Жамбылда, қазіргі Тараз қаласында туылған) қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Қазақстанды «Славян базар», «Новая волна», «Ереван шақырады» сияқты халықаралық вокалдық конкурстарда танытты. «SuperStar KZ» жобасының екінші бөлімдік бағдарламасының финалисті.

Биографиясы
Әлішер Кәрімов 1985 жылдың қазан айының 28-жұлдызы күні Жамбылда (қазіргі Тараз қаласы) туылған. Алғаш рет сахнаға 5 жасында шығып, Республикалық жас таланттарға арналған «Әнші балапан» атты конкурстың көрермендер көзайымы жүлдесіне ие болды. Әлішер 2015 жылдың 8 қарашасында осы конкурстың 25 жылдық мерейтойлы концертінде ендігінде танымал әнші ретінде өнер көрсетті.

Білім жолы
Әлішер мектепті аяқтағаннан кейін бірден Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясына ҚР-ның еңбек сіңірген әртісі Люция Толешеваның курсы болып табылатын «вокал» класына оқуға түседі.

2016 жылы барлық емтихандарын жақсы тапсырып, Қазақ ұлттық өнер университетіндегі «Музыкатану» факультетіне магистратураға түсіп, оқуын жалғастырады (бұрынғы Қазақ ұлттық музыка академиясы).

Өнер жолының бастамасы
Әлішер Кәрімов «SuperStar KZ» атты телевизиялық шоуында екінші орын алып, қатысқанының арқасында танымал бола бастады. Тура осы уақыттан бастап жас орындаушының мансабының гүлдене бастауы байқай аламыз.

«SuperStar KZ»-тен соң Әлішер өзінің талантын телевизияда таныта бастайды. Ол «Хабар» телеарнасының «Начистоту» атты бағдарламасының жүргізушілерінің бірі атанады.

2007 жылдың тамыз айында Әлішер Лос-Анджелесте өткен Бүкіләлемдік өнердің түрлерінің орындаушылық чемпионатында екі алтын және бір күміс медальдарды жеңіп алды (en. «World Championships of Performing Arts»). Осы жерде әнші Universal Studios-тың кастинг-директоры Патрик Хайнингемнен актерлік мансабын Голливудта жалғастыруға ұсыныс алды. Алайда Әлішер музыканы таңдап, контрактқа ақыры қол қойылмайды......

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Әлішер Кәрімов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Әлішер Кәрімов өмірі мен шығармашылығы, Алишер Каримов биография омирбаяны акпарат малимет, Алишер Каримов биография на казахском языке, Әлішер Кәрімов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]