Өмірбаян: Толқын Забирова Қалиқызы (1970 жылы 17 қазан)

Өмірбаян: Толқын Забирова Қалиқызы (1970 жылы 17 қазан)

Толқын Қалиқызы Забирова (1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында туған) — қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген тұңғыш әнші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2008). Өнертану ғылымдарының кандидаты. Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры.

Білімі
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1979 - 1988 жылдары А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің дирижерлік классын «Хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша бітірген.
1988 - 1993 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал-хор факультетінің "жеке ән салу" мамандығы бойынша Социолистік Еңбек Ері, КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері, педагог-профессор Бибігүл Ахметқызы Төлегенованың класын үздік бітірген.
1998 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының асперантурасын бітірген.

Толқын Қалиқызы 1970 жылы 17 қазанда Семей облысы Аягөз қаласында дүниеге келген.
Анасы - Забирова Зухра Қалиқызы, зейнеткер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыс істеген.
1993 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының солисті.
1995 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы вокал кафедрасының вокалдық-педагогикалық тәжірибе оқытушысы.
2004 жылдан бері Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрадалық вокал оқытушысы, доценті қазіргі таңда профессоры.

Ғылыми шығармашылығы
1994 жылы «Қазақ опералық-концерттік әншілерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері»
2007 жылы «Қазақ ұлттық әншілік мектебін қалыптастырудың заманауи мәселелері»
2008 жылы «Әншілік дауысты қалыптастыру»
2008 жылы «Қазақстандық опералық-концерттік әншілерде қазақ тілінің әншілік фонетикасы дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туралы»
2008 жылы «Қазіргі заманғы вокалдық педагогиканың эмпиризмі»
2008 жылы «Әншілік дауысты қалыптастырудың үлгісі»
2009 жылы «Тарихи-мәдени талдау ұлттық вокал мектебінің жаңа парадигмасының әдіснамалық негізі ретінде»
2010 жылы «Опералық әншінің вокалдық-техникалық жұмысының жаңа парадигмасы»
2010 жылы «Фонациялық үдеріс энергетикалық үлгілеу: әдістеме негіздері» атты мақалалар мен баяндамалардың авторы.
2010 жылы «Ұлттық әншілік мектепті қалыптастыру: жаңа парадигманы іздеу» монографиясы;
2010 жылы «Қазақстанның опералық мәдениеті контекстіндегі әншілік дауысты қалыптастырудың жаңа парадигмалық негіздері» атты Кандидаттық диссертациясын қорғап: Өнертану ғылымдарының канидадаты және Доцент құрметті ғылыми атағымен марапатталды.
2016 жылы Өнертану ғылымдарының профессоры құрметті ғылыми атағы берілді.

Марапаттары
1996 жылы «Янтарный соловей» (Калининград), «Әлібек Дінішевтың театры» (Алматы, 1998) халықаралық конкурстарының лауреаты.
2008 жылы елбасының жарлығымен "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағымен марапатталды.
2010 жылы Өнертану ғылымдарының кандидаты
2010 жылы доцент
2012 жылы ҚР тұңғыщ президенті елбасы қоры сыйлығының иегері
2015 жылы Қазақстан халқы ассамблиясының құрмет грамотасы
2016 жылы профессор құрметті атағы берілді.

Жеке қасиеттері
Діни көзқарастары - ұстамды ислам.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Ресеймен одақ құру».
Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С. Пушкин, В. Пикуль. Ф. Саган.

Жеке өмірі
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бабаев Сафар Ядулаевич (1956 ж.т.), продюсер.
Ұлдары - Бабаев Шахрияр (9 қаңтар 2001 ж.т.), Бабаев Дияр (29 қыркүйек 2004 ж.т.), Бабаев Санжар (13 наурыз 2006 ж.)

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Толқын Қалиқызы Забирова туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Толқын Қалиқызы Забирова өмірі мен шығармашылығы, Толкын Каликызы Забирова биография омирбаяны акпарат малимет, Толкын Каликызы Забирова биография на казахском языке, Толқын Қалиқызы Забирова

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]