Өмірбаян: Қыдырәлі Болманов Нұртайұлы (1964 жылы 19 мамыр)

Өмірбаян: Қыдырәлі Болманов Нұртайұлы  (1964 жылы 19 мамыр)

Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — әнші, продюсер. Философия ғылымдарының докторы (Phd 2015). Қазақстан жастар одағы сыйлығының және Дарын мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Құрмет орденінің иегері (2013).
Өмірбаяны
Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).
1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
Қоғамдық жобалары
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.

Шығармашылық жобалары
АБК тобы
Ұлытау тобы
Рахат Тұрлыханов
Бангор
Қарақат

Марапаттары
1998 - «Жігер» республикалық конкурсының лауреаты
1994 - Қазақстан жастар одағы сыйлығының иегері
2000 - Дарын мемлекеттік сыйлығының иегері
2005 - Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері
2013 - Құрмет орденімен марапатталған.

Шығармашылық жетістіктері
Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987), Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990), Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993). «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991). Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001).

Отбасы
Жұбайы - Қарақат Әбілдина әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ұлдары - Бекболат, Иманәлі, Нұрәли,Айсұлтан.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов өмірі мен шығармашылығы, Кыдырали Нуртайулы Болманов биография омирбаяны акпарат малимет, Кыдырали Нуртайулы Болманов биография на казахском языке, Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]