Өмірбаян: Болат Әбділманов Мәзімбайұлы (1960 жылы 12 қараша)

Өмірбаян: Болат Әбділманов Мәзімбайұлы (1960 жылы 12 қараша)

Болат Мәзімбайұлы Әбділманов (1960 жылы 12 қарашада Талдықорған облысы, Ақсу ауданы, Қаракөз ауылында туған) — кино және театр актері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2001). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. "Құрмет" Орденінің иегері.
Өмірбаяны
Әкесі - Әбділманов Мәзімбай, марқұм, қойшы болған. Анасы - Әбділманова Шарбану, марқұм, қойшының көмекшісі.
Алматы мемлекеттік көркем-театр институтының актерлік факультетін бітірген (1982), драмалық театрдың актері.
1982 жылдан - Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері.
1992- 2006 жылдары - М. Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының актері.
2016 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
Ойнаған рольдері
«Абай» (Абай), «Томирис» (Мард), «Айман - Шолпан» (Арыстан), «Тойдан қайтқан қазақтар» (Қошқарбай), «Геростратты ұмыту» (Тиссаферн), «Қамар сұлу» (Оспан) спектакльдерінде ойнаған.
«Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Ақын арманы» (Торайғыров), «Шәкәрімнің соңғы күні» (Қарасартов), «Заманай» (Есет), «Құланның ажалы» (Иемберген) кинофильмдерінде, «Шегіртке» (Дастанов) телесериалында, т.б. рөлдер орындаған.
Қоғамдық қызметі
Театр қайраткерлері одағының мүшесі.
Марапаттары
2001 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы берілді.
2001 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалі
2009 жылы «Құрмет» Ордені
2016 жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Базарлинова Айгүл (1972 жылы туған).
Қыздары - Әбділманова Жамал (1983 жылы туған), Әбділманова Ақмарал (1984 жылы туған), Болатқызы Ақерке (2004 жылы туған);
ұлдары - Болатұлы Иманғали (2000 жылы туған), Болатұлы Ақнұр (2002 жылы туған).

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Болат Әбділманов Мәзімбайұлы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Болат Әбділманов Мәзімбайұлы өмірі мен шығармашылығы, Болат Абдилманов Мазимбайулы биография омирбаяны акпарат малимет, Болат Абдилманов Мазимбайулы биография на казахском языке, Болат Әбділманов Мәзімбайұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]