Өмірбаян: Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы (1982 жылы 22 шілде)

Өмірбаян: Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы (1982 жылы 22 шілде)

Қарлығаш Төлегенқызы Мұхамеджанова (1982 жыл, шілденің 22-ші жұлдызында дүниеге келген, Қарағанды қаласы, ҚазКСР, КСРО) — Қазақстан актрисасы.
Өмірбаян
Әкесі – белгілі композитор әрі сенатор Төлеген Мұхамеджанов, шешесі – әйгілі қазақ опера әншісі Нұржамал Үсенбаева.
Білімі
2005 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясының халықаралық қатынастар факультетін «халықаралық қатынастар саласындағы заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Кейін тілдік бағдарлама бойынша Бостон колледжінде білім алған. АҚШ-та екі жыл магистратурада оқып, тәжірибелік сынақтан өткен.
Мансабы
Елге оралған соң Қарлығаш екі жыл бойы «Cағындырған әндер-ай» ретро-фестивалінің, «Қазақстан» телеарнасындағы «Ән Арна» музыкалық бағдарламасының жүргізушісі болады[1]. Телеарнада жүрген кезінде болашақ "Лавэ" картинасының продюсерінің көзіне түсіп, сол фильмнің түсіріліміне шақырту алды.
2008 жылы алғаш рет «Лавэ» фильміне түскен. Содан кейін «Рывок» («Серпіліс») және «Ирония любви» («Махаббат тәлкегі») фильмдерінде шағын рөлдерді сомдап шықты. Басты рөлін 2010 жылы «Сказ о розовом зайце» («Қызғылт қоян туралы хикая») картинасында ойнады[2].
Фильмографиясы
2008 – «Лавэ» - Жания
2009 – «Серпіліс» («Рывок») - эпизод
2010 – «Махаббат тәлкегі» («Ирония любви») - Бибігүл
2010 – «А»-ға оралу» («Возвращение в «А») - Динара
2010 – «Қызғылт қоян туралы хикая» («Сказ о розовом зайце») - Жека
2011 – «Ликвидатор» - Жанна
2011 – «Мамырдың жеті күні» («Семь майских дней») - Жанна
2012 – «Жан жүрегім – Астана!» - Бекінің анасы
2012 – «Барлық әлем біздің қолымызда» - эпизод
2014 – «Дала дауысы» - Алтынай
2015 – «Аманат» - Халима Бекмаханова
2016 – «Сабина келін-2» - Қарлығаш
2016 – «Жұлдыздар тоғысқанда» - Дариға Назарбаева

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, тұлға Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы өмірі мен шығармашылығы, Карлыгаш Мухамеджанова Толегенкызы биография омирбаяны акпарат малимет, Карлыгаш Мухамеджанова Толегенкызы биография на казахском языке, Қарлығаш Мұхамеджанова Төлегенқызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]