Өмірбаян: Ақсерік Айтимов

Өмірбаян: Ақсерік Айтимов

Ақсерік Айтимов – «Қазақ инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті» ректоры.

Ақсерік Сариұлы Батыс Қазақстанда бәсекеге қабілетті үш деңгейлі білім беретін ірі жекеменшік ғылыми-білім кешенін құрды. Сонымен қатар ол жастарға заманауи ғылым мен технологияны меңгеруге қолғабыс етіп жүр. ЭЕМ операторларына арналған курстардан бастап жоғары буын мамандарына арналған курстар ашу арқылы жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерді мамандармен қамтамасыз етуге септігін тигізуде.

БҚО-ның әрбір үшінші тұрғыны «ҚазИжТЖУ» ҒБК-нің оқу орындарының бірін тәмамдаған десек, артық айтқандық емес.
Ақпараттық технологиялар, радиоэлектроника мен телекоммуникация саласындағы мамандар елімізде үлкен сұранысқа ие. Ол мамандарды дайындау үдерісіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, кадрларды дайындаудың деңгейін көтеру үшін Ресейдің және алыс шетелдің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстарды тиімді пайдаланып, білім жүйесін жаңғыртуға зор үлес қосуда.

А.С. Айтимов басқаратын ұжым өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінде ресейлік жетекші жоғары оқу орындарымен, ҒЗИ менғылыми консорциумдардың академиялық құрылымдарымен елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Оның ұйымдастырушылық-құрылтайшылық етуімен ҚазИжТЖУ жанынан П.Г.Кузнецов атындағы Тұрақты дамудың халықаралық ғылыми мектебінің Қазақ бөлімі ( Мәскеу облысы Дубно университеті мектебінің филиалы), «Қазақ экология және өмір қауіпсіздігі академиясының» бөлімдері құрылды.
ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған, «Шапағат» медалін иеленген. Халықаралық дәрежеде «Біріккен Еуропа» марапатын алған.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Ақсерік Айтимов туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Батыс Қазақстан 100 жана есим тизими, Аксерик Айтимов биография омирбаяны акпарат малимет, Аксерик Айтимов биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Батыс Қазақстан, Ақсерік Айтимов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]