Өмірбаян: Бауыржан Исламхан

Өмірбаян: Бауыржан Исламхан

Бауыржан Исламхан – «Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы.
Небәрі 24 жасында Қазақстанның футбол тарихында үлкен жетістіктерге жеткен Бауыржан Исламхан 2016 жылғы Қазақстан чемпионатының үздік футболшысы атанды. Бауыржан тіпті жасы әлі жиырмаға да ілікпей тұрғанда ұлттық құрамаға шақырылып, жастар құрамасы сапында «Достастық кубогінің үздік ойыншысы» атанған еді.

Бауыржан 1993 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Футболмен он жасынан бері ай налысады. «Тараз» сапындағы алғашқы маусымында – 27 ойын өткізіп, 2 гол соққан.

«Қайрат» футбол командасы мен Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан кәсіпқой футболшы ретіндегі мансабын «Тараз» футбол клубында бастаған. «Қайрат» сапында еліміздің екі дүркін күміс жүлдегері атанған жамбылдық жампоз Еуропа лигасында да жасындай жарқырай білді.

Бауыржан Исламханды футбол сүйер қауым интеллектуал ойыншы деп те атайды. Жаттықтырушылардың пікірінше, 24 жасар Жамбыл футболының түлегі Исламхан алаңдағы ойынды тез оқиды, іркілмейді. Жылдам шешім қабылдайды. Аяғына доп тисе қарсылас команданың бірнеше футболшысы қоршап алады. Неге десеңіз, ешкімнің миына қонбайтын құйтұрқы пас шығару ол үшін түк те емес. Кейде жалғыз өзі ойынның тағдырын шешіп жатады.

2016 жылы британдық BT Sport телеканалы Еуропа лигасы Уефадағы Бауыржан Исламханның голы ең әдемі гол деп жариялады. BT Sport сайтында оның голы 86 пайыз дауыс жинаған.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Бауыржан Исламхан туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Тараз 100 жана есим тизими, Бауыржан Исламхан биография омирбаяны акпарат малимет, Бауыржан Исламхан биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Тараз, Бауыржан Исламхан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]