Өмірбаян: Белла Газдиева Асланбекқызы

Өмірбаян: Белла Газдиева Асланбекқызы

Газдиева Белла Асланбекқызы – Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылдық округінің әкімі
Биография

Газдиева Белла 1983 жылы Ақмола облысының Көкшетау қаласында дүниеге келген. Әкесі – құрылысшы, анасы – заңгер.
1999 жылы гуманитарлық гимназияны тәмамдап, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Мамандығы «Орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі».

Еңбек жолын Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында зертханашы болып бастап, 2004 – 2008 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің аспирантурасында оқыды.

2011 жылы ассоциаланған профессор (доцент) атағын алады. 2009-2011 жылдары орыс филологиясы кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді.
2011-2015 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дің Халықаралық ынтымақтастық қызметінің басшысы болып қызмет етті.
2015 жылғы мамырдан тамызға дейін ҚР БҒМ Ақпараттық-сараптама орталығының жоғары білімді дамыту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2013 «Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты атанды (Ұлыбритания, Брунель Университеті).
2015 жылы Эразмус стипендиаты атанып (Нанта Ecole Centrale de Nantes Инженерлік мектебі, Франция), 3 ай бойы Францияның ең үздік инженерлік мектептерінің бірінде тәжірибеден өтті.

Газдиева Б.А. – дарынды ғалым, оның 42 мақаласы, 4 монографиясы (оның ішінде 3 бірлескен авторлық), 2 кітабы, 3 оқу құралы жарық көрді. 2009 жылдан бері Ұлыбритания, АҚШ, Дания, Финляндия және Ресей университеттерінде біліктілігін жоғарылатты.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Газдиева Белла Асланбекқызы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Көкшетау 100 жана есим тизими, Газдиева Белла Асланбеккызы биография омирбаяны акпарат малимет, Газдиева Белла Асланбеккызы биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Көкшетау, Газдиева Белла Асланбекқызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]