Өмірбаян: Дина Жоламан

Өмірбаян:  Дина Жоламан

Жоламан Дина - спортшы

Жоламан Дина 2007 жылы Жақсы қаласының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі жаттықтырушы А.А.Высоцкийдің қол астында бокспен айналыса бастады. Сол жылы ол Көкшетауда өткен облыстық жарыста қола жүлдегер атанды.

2008 жылы Қазақстан Республикасының жастар арасындағы біріншілікте тұңғыш чемпион атанды; Челябинск қаласында өткен жастар турнирінде бірінші орынды жеңіп алды. Сол сияқты көптеген жарыстарда Дина биіктен көрініп, жүлдегерлер қатарынан табылды. 2013 жылы тағы да Қазақстан Республикасының чемпионы атағын жеңіп алды. Ал 2015 жылы Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының ойындарында халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы берілді, бұл турнирде ол екінші орынды иеленді.

2016 жылы ҚР чемпионатында алтыннан алқа тағып, 2016 жылғы әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде елімізден шыққан екінші әлем чемпионы болды. Дина осы жарыстан соң, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері атағына ие болды.
Ол әрқашан өзінің жеңіске деген ұмтылысымен ерекшеленеді. Өзінен кейінгі боксшыларға жүйелі түрде дәріс өткізіп, білген-түйгенімен бөлісіп отырады.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Дина Жоламан туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Ақмола 100 жана есим тизими, Дина Жоламан биография омирбаяны акпарат малимет, Дина Жоламан биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Ақмола, Дина Жоламан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]