Өмірбаян: Рашбиль Евдаев

Өмірбаян: Рашбиль Евдаев

Рашбиль Евдаев - кәсіпкер, меценат

Рашбиль Илхананұлы 1955 жылы Әзербайжанда дүниеге келіп, онда 15 жасқа дейін тұрды. Кейін ата-анасымен бірге Баку қаласына көшіп барып, еңбек жолын етікшінің көмекшісі ретінде бастайды. Екі жылда етікшілікті әбден меңгеріп алады. 1977 жылы Калининград облысында Кеңес әскері қатарында болып келген соң, Солтүстік Қазақстан облысындағы Булаев ауданына көшіп барады. Жергілікті тұрмыстық қызмет көрсету комбинатына аяқ киім жасау шебері болып орналасып, кейін цех басшысы атанды.

1979 жылдан бастап Есіл ауданында «Явленский» аяқ киім цехын басқарды. 3 жыл жұмыс істегеннен кейін ол аудандық зауыт директорына дейін көтерілді. 1994 жылдан бастап, Рашбиль Илхананұлы Петропавл қаласына аяқ киім зауытының директоры лауазымына ауыстырылды. Осылайша, ол жиған-терген тәжірибесі арқасында жеке кәсіпкерлікпен шұғылдана бастады. Ол бүгінде өз ісінің нағыз маманы ретінде табысты кәсіпкер, меценат атанып отыр.

2005 жылдан бастап Рашбиль Евдаев еврей этносының мәдениетін, тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрпы мен тілін сақтай отырып, аймақтық еврей мәдени орталығын басқарды. Тұрақты түрде мұқтаждарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, жетім балаларға көмектесіп келеді. 2017 жылы көктемгі су тасқынынан балалар үйі қатты бүлінгендіктен, Рашбиль Илхананұлы өз қаражатына ғимаратты толық қалпына келтіріп берді.

Рашбиль Илхананұлы қоғам өміріне белсене араласып келеді. Ол әрдайым Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың саясатын насихаттап, «Нұр Отан» белді мүшесіне айналды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Рашбиль Евдаев туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Петропавл 100 жана есим тизими, Рашбиль Евдаев биография омирбаяны акпарат малимет, Рашбиль Евдаев биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Петропавл, Рашбиль Евдаев

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]