Өмірбаян: Роза Әлімханова Сейітқалиқызы

Өмірбаян: Роза Әлімханова Сейітқалиқызы

Әлімханова Роза Сейітқалиқызы – медицина ғылымдарының докторы, профессор.

30 жылдан астам уақыт ерте жастағы балалардың тірек-қимыл аппараты патологиясын (майтабан, буын кемістіктері, ортан жіліктің сынуы) отасыз емдеумен айналысып келеді. Балалармен көп жылғы жұмыс істеуінің және туа бітті деформация мәселесін зерттеу нәтижесінде әлемде ұқсастығы жоқ емдеудің ғажайып әдісін ойлап тапты.

Қазақстандық зерттеушінің жұмысы әлемдік қоғамдастықтың назарынан тыс қалған жоқ. Роза Сейітқалиқызы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның Алтын медаліне лайық деп табылды. Оның осы саладағы жетістіктері мен жаңалықтарын Қитай және Еуропаның тәжірибелі дәрігерлері мен ғалымдары мойындады. Ол – 30-дан астам өнертабыстың, 120 ғылыми еңбектің, 5 оқу әдістемесінің және 6 монографияның авторы.

Қазақстанның үздік өнертапқыш әйелі деп танылған Роза Әлімханова Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің түлегі. Аспирантура мен докторантураны Мәскеу қаласында бітірді. Біліктілігін Қытай мен Еуропада (Франция, Бельгия, Италия) арттырды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
өмірбаян Роза Әлімханова Сейітқалиқызы туралы омирбаян биография ақпарат мәлімет, 100 жаңа есім тізімі Қарағанды 100 жана есим тизими, Роза Алимханова Сейиткаликызы биография омирбаяны акпарат малимет, Роза Алимханова Сейиткаликызы биография на казахском языке, 100 жаңа есім тізімі жыл 2017, 100 жаңа есім тізімі Қарағанды, Роза Әлімханова Сейітқалиқызы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]