Өмірбаян / Биография

Қазақша өмірбаян: Қазыбек Келдібекұлы (Қазыбек би)

Қазақша өмірбаян: Қазыбек Келдібекұлы (Қазыбек би)Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.
Қаз дауысты Қазыбектің оқыған жерлері, алған білімі туралы нақты дерек жоқ. Дегенмен, ел аузындағы әңгіме, аңыздар мен биден жеткен шешендік сөздер оның өз заманында білімді де жетелі, халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүр, рәміздерін, ата жолы заңдарын мейлінше мол меңгерген, озық ойлы, әділ де көреген, батыл да батыр адам болғандығын айқын аңғартады. Әділдігі мен алғырлығы үшін Тәуке хан Қазыбекті Орта жүздің Бас биі еткен. Би Әз Тәукенің тұсында хан кеңесінің белді мүшелерінің бірі болса, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай ел билеген кезеңдерде де мемлекет басқару ісіне жиі араласып, ішкі-сыртқы саясатта ақыл-кеңестер беріп отырған.
Бидің жастық шағы мен бүкіл саналы өмірі қазақ елінің өз ішінде рулық-тайпалық алауыздықтар мен хандық билікке таластың неғұрлым өршіген, көрші мемлекеттердің көз тігуі жиілеп....
Өмірбаян / Биография
Толық
216 -123

Қазақша өмірбаян: Абылай хан (1711—1781)

Абылай (Әбілмансұр) хан — (1711—1781) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке....
Өмірбаян / Биография
Толық
120,5 -70,5

Қазақша өмірбаян: Төлеген Айбергенов (1937-1967)


Дүниеге өзінің аппақ, тап-таза пейілімен келіп, сол көңілмен кеткен сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов 3 наурызда Қарақалпақстанның Қоңырат ауданында туған. Ташкент педагогикалық институтын бітірген (1959). 1959-1962 жж. Қоңырат ауданындағы орта мектепте мұғалім, 1962-1965 жж. Шымкент облысының Сарыағаш....
Өмірбаян / Биография
Толық
65,5 -34,5

Қазақша өмірбаян: Ғабит Мүсірепов Махмұтұлы (1902-1985)

Ғабит Мүсірепов Махмұтұлы - 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылында дүниеге келген. Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1958). Социалистік Еңбек Ері (1974). Қазақстанның Халық жазушысы (1984). Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды. 1916 жылы екі кластық ауылдық орыс мектебінде бір жыл, одан кейін төрт жыл орыс мектебінде оқып, оны 1921 жылы бітірді. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рабфакқа)түсіп, онда үш жыл оқыды. С.Сейфуллинмен танысты. 1926 жылы рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында бір жыл оқып, 1927- 1928 жж. Бурабай техникумында....
Өмірбаян / Биография
Толық
223 -126

Қазақша өмірбаян: Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жазушы, драматург, ақын, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов Баянауыл ауданы, Қызылтау атырабында туған.
Ең алғаш өлеңін 13 жасында жазады. 1914 жылы Павлодар қаласындағы орысша-қазақша екі класты мектепті бітіріп, Семейдегі оқытушылар семинариясына түседі, оны 1918 жылы....
Өмірбаян / Биография
Толық
84 -45

Қазақша өмірбаян: Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898)

Майлықожа - Шымкент облысы, Сарыағаш ауданында 1835 жылы туып, алпыс жасқа келгенде, 1898 жылы Арыс ауданында дүние салған. Әкесі Сұлтанқожадан он төрт жасында жетім қалып, Майлықожа жоқшылық - мұқтаждықты көп көреді. Бірақ талапты жас өлең өнерін ерте машық.....
Өмірбаян / Биография
Толық
53,5 -29,5

Қазақша өмірбаян: Мұхтар Шаханов (1942)

Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келген. Мамандығы тракторшы, филолог. 1969 жылы Шымкент педагогикалық институтын сырттан оқып бітірген.
КСРО Жазушылар Одағының мүшесі (1969), КСРО Жазушылар Одағының пленум мүшесі (1978), «Жалын» альманахының (1984), «Жалын» журналының бас редакторы (1986), Қазақстанның халық жазушысы (1996), Қазақстан Жазушылар Одағы Басқармасының хатшысы (1986), Республикадағы тұңғыш құрылған экологиялық қозғалыс - Арал және Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық....
Өмірбаян / Биография
Толық
51,5 -27,5

Қазақша өмірбаян: Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1718)

Бұқар жырау Қалқаманұлы – XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі. Ол ұзақ өмір сүріп, көптеген тарихи оқиғалардың куәсі болған қазақ жырауы, мемлекет қайраткері 1668 жылдар шамасында туған. ұқардың арғы тегі Арғын, оның ішінде Төртуыл Қаржас. Бұқардың әкесі Қалқаман жаугершілік заманда ерлігімен аты шыққан батыр болған. Бұқар жыраудың өмірі мен шығармашылығы Арқа өңірімен тығыз байланысты. Бірақ та жастық шағы, қандай өмір өткелдерінен өткендігі, туған, өлген жылдары жайында нақты деректер жоқ. Бұқар жырау ерте кезден көзге түсіп, Тәуке ханның тұсында-ақ.....
Өмірбаян / Биография
Толық
40 -24

Қазақша өмірбаян: Сүйінбай Аронұлы (1822-1895)

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 – 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 – 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен....
Өмірбаян / Биография
Толық
117 -65

Қазақша өмірбаян: ӘЛИХАНОВ Төреғали Төреәлі (видео)

Төреғали Төреәліұлы - 1992 жылы 14 қазанда Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының колледжін актер мамандығы бойынша тәмамдаған (2009—2011). Бірнеше студенттер айтысының жеңімпазы, Республикалық айтыстардың жүлдегері.
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0