Өмірбаян / Биография

Қазақша өмірбаян: Әбіш Кекілбайұлы (1939)

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.
1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай....
Өмірбаян / Биография
Толық
72 -41

Қазақша өмірбаян: Шыңғыс Айтматов (1928-2008)

Шыңғыс Айтматов (қырғызша: Чынгыз Айтматов) (1928 ж. желтоқсанның 12 Шекер, Қырғыз АКСР - 2008 ж. маусымның 10, Нүрнберг, Алмания) - ойшыл гуманист, данагөй, қазақ-қырғызға ортақ халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, КСРО мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері және Лениндік сыйлықтың лауреаты.
Ш. Айтматовтың бүкіл шығармашылығы мен өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болды. Сонау «Жәмиладан» бастап, әлемге танымал «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Ғасырдан да ұзақ күн», «Жанпида» сияқты барлық шығармаларындағы көркем образдарының рухы мен мінезі қырғыздан гөрі қазаққа өте-мөте жақын еді. Жазушының өзі де қазақ...
Өмірбаян / Биография
Толық
17 -8

Қазақша өмірбаян: Тұманбай Молдағалиев (1935 - 2011)

Тұманбай Молдағалиев 1935 жылы 20 наурызда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Жарсу ауылында туған. 1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған. Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. 1956–1959 жж. «Пионер» журналында әдеби қызметкер, 1959–1971 жж. «Жазушы» баспасында редактор, аға редактор болған. 1971—1973 жж. «Балдырған» журналында жауапты хатшы, 1973–1984 жж. «Жалын» альманахының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1984–1986 жж. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы болды. Қазір «Балдырған» журналының бас редакторы.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар....
Өмірбаян / Биография
Толық
20,5 -11,5

Қазақша өмірбаян: Құрманғазы Сағырбайұлы (1818-1889)

Құрманғазы Сағырбайұлы 1818 жылы дүниеге келіп, 1889 жылы өмірден озды. Қазақ халқы өткерген сұрапыл тарих беттері мен өзінің жеке қасіреті, өмір туралы ойлары мен қазақ даласының, ұлттық мейрамдардың жарқын көріністері оның күйлерінде көрініс тапты.

Құрманғазының көрнекті шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі. Ұлы күйшінің шәкірттері мен......
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақша өмірбаян: Қадыр Ғинаятұлы Мырза Али (1935 - 2011)

Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев, Қадыр Мырза-Әлі (1935 жылы туылған) – ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі. ҚазМУ-дың филология факултетін бітірген (1958). 1958 – 93 жылы «Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі, Жазушылар одағы.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0

Қазақша өмірбаян: Әбділда Тәжібаев (1909-1998)

Әбділда Тәжібаев (1909-1998) Қызылорд қаласында дүниеге келген. Интернатта оқып, тәрбиеленген.
Әбділда Тәжібаев - осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі. Әдебиеттегі алғашқы қадамын өткен ғасырдың 20-жылдарының соңына ала өлең жазудан бастаған ол қазақ сөз өнерінің озық дәстүрлерімен дүниежүзілік әдебиеттің үздік жетістіктерінен үйрене отырып, 30-жылдардың орта шенінде-ақ айтулы ақын, республикада әдебиет ісін ұйымдастырушы қайраткерге айналды. Ә.Тәжібаев - поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар....
Өмірбаян / Биография
Толық
125,5 -71,5

Қазақша өмірбаян: Мәлік Ғабдуллин (1915—1973)

Мәлік Ғабдуллин - 15 қарашада Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келді. 1935 жылы ҚазПИдің тіләдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газеті жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып істеген. 1938–1941 жж. ҚазПИдің аспирантурасында оқыды.

Генерал И.В.Панфилов бастаған даңқты 28 гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына бастанаяқ қатысты. 1автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2атқыштар батальонының комиссары, полк үгітшісі.....
Өмірбаян / Биография
Толық
37 -20

Қазақша өмірбаян: Мәуленов Сырбай (1922 - 1993)

Мәуленов Сырбай (17.9.1922 ж. туған Қостанай облысы; Жанкелдин ауданы; Торғай поселкесі; — 1993) — ақын. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген (1973).
1943 — 1950 Қостанай облысы радиокомитетінде редактор, "Большевиктік жол" (қазіргі "Коммунизм таңы") газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, 1951 — 1955 жылы. Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редакция меңгерушісі, 1957 — 1961 жылы Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші; "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары, 1964 — 1971 жылы "Жұлдыз" журналының, 1955 — 1957, 1971 — 1977 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы болды. Тұңғыш өлеңі Жамбыл облысы "Колхозшы" газетінде 1937 жылы жарияланды, "Өлеңдері" атты алғашқы жинағы 1948 жылы.......
Өмірбаян / Биография
Толық
15 -9

Қазақша өмірбаян: Ғабиден Мұстафин (1902 - 1984)

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көркем сөздің хас шебері атанған Ғабиден Мұстафин 1902 жылы 29 қарашада Қарағанды облысындағы осы күнгі Теміртау қаласына жақын Жауыртау – Нұра өзені бойындағы Сартөбе деген ауылында кедей отбасында туған. Болашақ жазушының әкесі мал бағумен айналысқан, сондықтан да оның балалық шағы қарасаң, көз жетпейтін кең далада, Сарыжайлауда өтті. Ол бұл кездерде әкесіне көмектесіп, мал бағумен қатар, ауыл модасынан арапша сауатын да ашты. Ал орыс тіліне оны сол кезде Спасск мыс балқыту заутында табельші болып жұмыс істейтін Жүсіп Мауқымов деген азамат үйретті, үлкен қамқорлық жасады. Соған орай Ғабиден осы зауыт жанындағы орысша-қазақ екі жылдық мектепті бітіріп шықты. Бұдан әрі оқуға мүмкіндігі болмай, туған ауылына.....
Өмірбаян / Биография
Толық
0 0