Рамазан айында ораза ұстаушыға 15 кеңес
Аллаһ тағала бізге оразаны ол арқылы Өзіне құлшылық жасауымыз үшін парыз еткен. Оразамыз қабыл болып, пайдасы тию үшін мына нәрселерді орындауымыз керек:
1. Намазға ұқыпты болу. Намаз – дініміздің тіректерінің бірі, оны тәрк ету күпірлік саналады. Кейбір ораза тұтушылар болса, намазға немқұрайды қарайды.
2. Көркем мінез-құлықты ұстану. Күпірліктен, дінге тіл тигізуден және ораза екенімізді міндет қылып адамдармен жаман қарым-қатынас жасаудан сақтануымыз керек. Ораза мінез-құлықты бұзбай, керісінше оны түзейді, ал күпірлік адамды діннен шығарады. Аллаһ елшісі с.а.с. «Кімде-кім өтірік сөз бен оған амал қылудан тыйылмаса, Аллаһқа оның жеп-ішуден тыйылуының қажеті жоқ[1]»,-деп айтқан (әл-Бұхари).
3. Қалжыңдап болса да жаман сөздер айтпау. Әйтпесе түтқан оразамыз зая кетеді. Аллаһ елшісінің с.а.с.: «Қайсыбіріңнің ораза тұтатын күні болса, онда бұзықтық істемесін[2], айғай-шу шығармасын[3], ал егер біреу оны балағаттаса немесе оған соқтықса: «Мен ораза тұтқан адаммын» десін»,-деп айтқанын әрдайым есте ұстау қажет (әл-Бұхари, Муслим).
4. Қылтамақ, асқазан жарасы сияқты көптеген кеселдерге себепші болатын темекіні тастауға ораза кезді пайдаланып қалу керек. Ерік-жігерді жинақтап, ұстамдылық танытып, темекіні күндіз шекпегендей түнде де шекпеу қажет. Сонда денсаулығымызды сақтаймыз және ақшамызды да ысырап қылмаймыз.
5. Ауыз ашарда тамақты шектен асыра қарпымау. Бұл оразаның пайдасын кемітеді, әрі денсаулыққа зиян тигізеді.
6. Адамның мінез-құлқын бұзып, оразаға кереғар келетін телебағдарламалар мен фильмдерді қарамау.
7. Ұйықтап қалып, сәресі мен таң намазын жіберіп алмас үшін түнде ұзақ отырмаған жөн. Іс-амалдарды ерте таңда орындаған жақсы. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Аллаһым! Үмбетім үшін ерте таңдарын берекелі еткейсің!» – деген (Әбу Дауд, әт-Тирмизи, Ахмад; сахих хадис).
8. Пайғамбар (с.а.с.) құптан намазынан кейін әңгіме-дүкен құрып отыруды ұнатпайтын. Ол кісі (с.а.с.) ерте жатып, ерте тұратын.
9. Туған-туыстар мен мұқтаждарға садақа беруді көбейту, ағайындардан хабар алу және араздасқандармен татуласу.
10. Аллаһты жиі еске алу, Құран оқу, оны тыңдау, мағынасына ой жүгірту, оған амал қылу, пайдалы дәрістер тыңдау үшін мешітке бару және Аллаһ елшісінің (с.а.с.) сүннеті бойынша рамазаниың соңғы күндерінде мешітте иғтикафқа отыру.
11. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне сай ауыз ашу. Аллаһ елшісі (с.а.с.) «Қайсыбірің ауыз ашатын болса, кепкен құрмамен ауыз ашсын, өйткені онда береке бар. Егер кепкен құрма таппаса, сумен (ашсын), өйткені ол-таза» (әт-Тирмизи). «Адамдар ауыз ашарды асықтырған сайын игілікте болады[4]»,-деген (әл-Бұхари, Муслим). Аллаһ елшісі (с.а.с.) ауыз ашарда: «Аллаһумма ләкә сумту уә ъалә ризқикә әфтарту, зәһәбәз-замә-у уәбтәлләтил-ъуруқу, уә сәбәтәл-ажру инша Аллаһ[5]»-деп айтқан (Әбу Дауд).
12. Сәресіні ішу. Аллаһ елшісі (с.а.с.): «Сәресі ішіңдер, өйткені сәресіде береке бар»,-деген (әл-Бұхари, Муслим).
13. Оразаның үкімдерін білу үшін ол жайлы жазылған кітаптарды оқу. Ол кітаптардан ұмытып тамақ жеп, су ішіп қою оразаны бұзбайтыны, түнде жүніп болу ораза тұтуға кедергі жасамайтыны және т.с.с. нәрселер баяндалған.
14. Рамазандағы оразаға ұқыпты қарау және балаларға шамалары жеткенше ораза түтуды үйрету. Рамазан айы күндерінде себепсіз ауыз ашып, оразаны бұзудан сақтану. Өйткені әдейі бір күн ауыз ашқан кісі және рамазан айында күндізгі уақытта әйелімен жақындасқан адам шариғат белгілеген тәртіп бойынша кәффарат амалдарын өтейді .
15. Рамазан айында оразаны тұтпай жүруден сақтану лазым. Тұтпаған күннің өзінде оны адамдарға жарияламау қажет. Өйткені ораза ұстамау Аллаһқа қарсы келу, Исламға ат үсті қарау және адамдар арасында ұятсыз қылық болып табылады. Ораза тұтпаған адамға айт мерекесі де жоқ. Өйткені айт оразаның аяқталуы мен құлшылықтардың қабыл болуына байланысты ұлы қуанышты білдіреді, ал ораза тұтпаған адам бұл қуаныштан мақрұм қалады.
Сілтемелер:
1.Бұл сөздерді тікелей мағынасында қабылдамау керек, онсыз да Аллаһ тағала ешнәрсеге мұқтаж емес. Бұл жерде мұндай жағдайда оның оразасына сауап жазылмайтыны туралы айтылған.
2.Бұл жерде ораза тұтушыға тыйым салынған нәрселер ғана емес, бейауыздық, әдепсіздік сияқты бұзықтықтың барлық түрі туралы айтылған.
3.Яғни, ешкіммен жанжалдаспасын.
4.Яғни, күн бата салысымен тез ауыз ашу керек.
5. Мағынасы: Уа, Аллаһым! Сен үшін ораза тұттым және Өзің берген ризықпен ауыз аштым, шөл басылды, қан тамырлары нәр алды және сауап берілді, инша Аллаһ!

—————————————————————————————————————————————

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Кеңестер | Ерлерге (жігіт) пайдалы кеңестер | Қыздарға (бойжеткен) пайдалы кеңестер | Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Іздеп көріңіз: