Бизнес кеңес: Өз ісімізді ашамыз, негізгі және қосымша шығындарға не жатады?
Жаңа бизнесті ашпастан бұрын болашақ жобаға кететін барлық шығындарды есептеп алған жөн. Себебі жобаның пайда әкелуі мен өзін-өзі ақтау мерзімі сіздің есептеулеріңізге тікелей байланысты болады.
Кез келген коммерциялық өнеркәсіптің жұмысын ресурстарға жұмсалатын шығындарсыз елестету мүмкін емес. Бизнес жобаны жүзеге асыруға кететін барлық шығындарды екіге бөлуімізге болады: негізгі және қосымша. Бизнес жоспар жасау үшін осы шығындарды максимальді түрде нақты есептеуіміз керек.
Негізгі шығындарға не кіреді?
Негізгі шығындар өнеркәсіптің шығаратын өніміне немесе көрсететін қызметіне тікелей байланысты. Олар өзіндік құнға тікелей тәсілмен қосылады. Пайдаға салынатын салықты есептеу кезінде негізгі шығындар өнімнің жүзеге асырылуына байланысты есепке алынады.
Көбінесе негізгі шығындар құрылымына келесі топтарды қосады:
- материалды шығындар;
- еңбекақыны төлеуге кететін шығындар;
- амортизациялық шығындар;
- шығындардың басқада түрлері.
Материалдық шығындарға өзіндік өнеркәсіп өнімінен басқа жұмсалған материалдар жатады. Бұл, жалпы алғанда, шикізат, жартылай фабрикат, құрылыс материалдары, құрылымдық матералдар, жанармай, бөлшектер және т.б. Олардың саны қызмет ететін ортасына қарай анықталады. Мысалы, металлургия үшін басымдылыққа ие шығын электр энергиясына кетеді, ал тамақ өнеркәсібінде шикізатқа көп шығындалады. Материалды шығынның негізгі шығындар құрамына кіру себебі материалдық шығындар шығарылатын өнімнің жұмысына тікелей қатысады да, оның өзіндік құнының ішіне кіреді.
Еңбекақы шығыны өнім өндіру процесімен тікелей айналысатын жұмысшылардың еңбекақысын төлеуге кетеді. Бұл, мысалы, сайт дайындаумен айналысатын компаниядағы бағдарламашының еңбекақысы немесе құрылыс мекемесіндегі шебердің еңбекақысы. Ал, бухгалтерлер мен әкімшілік қызметкерлеріне берілетін еңбекақыны қосышма шығынға жатқызамыз. Ескере кететін бір жайт еңбекақы шығыны тек еңбекақы төлеумен шектелмейді. Әртүрлі демалыстар, сыйақылар осы еңбекақы шығынына жатады.
Амортизациялық шығындар амортизацияға кететін орта деңгейлі шығындар есебінде қарастырылады.
Негізгі шығындарға өнеркәсіп өндірісіне тікелей қатысы бар барлық шығындарды жатқызуымызға болады.
Қосымша шығындарға не кіреді?
Қосымша шығындарды өнеркәсіп өнімдерінің өзіндік құнымен немесе қызмет көрсетумен тікелей байланыстыруға болмайды. Себебі олар өнеркәсіп өнімінің жұмысына тікелей қатысты емес.
Бұл, мысалы, жалға алуға кететін шығындар, әкімшілік-басқаруға кететін шығындар, жұмысшылардың біліктілігін арттыруға кететін шығындар, концелярлық тауарлар, байланыс қызметі және т.б. Бизнесті ашу кезінде қосымша шығындарды алдын-ала есептеу өте қиын мәселе, себебі бизнесті жүргізу кезінде сіз ойламаған шығындар пайда болуы мүмкін.
Айта кететініміз, кез келген мекеме немесе кәсіпкер бизнесті жүргізу кезінде өз саласына байланысты шығындарды негізгі және қосымша бөліктерге бөліп дайындап алғаны дұрыс. Және мұны қазір барлық бизнес өкілдері жасайды. Мысалы, медициналық мекемеде бухгалтердің еңбекақысы қосымша шығын болып есептеледі, ал ішкі бухгалтерлік қызмет көрсететін компанияда негізгі шығынға жатады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: