Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою)

Әдемі және ерекше қыздар есімдері мағынасы (Т әрпі бойынша ат қою)

ТАЛЖАН – тал - өзен бойында өсетін сәнді, нәзік, иіліп тұратын ағаштың бір түрі, қосымша - жан.

ТАЛШЫБЫҚ - қыз бала талшыбықтай көркем, әдемі болсын деп қойылған есім.

ТАЛШЫН – ағашының бір түрі. Әдемі, әдемі түс деген мағынасын білдіреді.

ТАМАРА - көне еврей тіліндегі құрма ағашы.

ТАМАША – көріністік, ерекше, өте әдемі қыз болсын деп қойылған есім.

ТАНА - ақықтан жасалған үлкен жалтырауық түйме.

ТАҢСЫҚ - құмар, әуес; сирек зат.

ТАҢШОЛПАН - таң жұлдызы, жарық жұлдыз.

ТӘБИБА - араб тілінен - емші, дәрігер.

ТӘБИЛА - араб тілінен — ұзақ, ұзағынан берген (өмір).

ТӘБИЯ - араб тілінен - қорған, қамал, бекініс.

ТӘЖІГҮЛ - иран тілінен алынған тадж — тәж + гүл; тәждегі гұлдей әдемі сұлу.

ТӘЛИПА - араб тілінен алынған таалип - талапкер, талаптанушы, білім іздеуші; сұраушы; студент.

ТӘМИЛА - араб тілінен - тау кептері, көгершін.

ТӘНЗИЛА - араб тілінен - әмір, бұйрық.

ТӘНЗИЯ - араб тілінен - тазалық, пәктік.

ТӘРБИЕ - араб тілінен - тәртіп, ауыспалы мағынасы ұлгі - өнеге.

ТӘТТІБАЛА - сүйікті, сүйкімді қыз бала.

ТЕҢДІК - бостандық, еркіндік, тең құқықтық.

ТОҒЖАН - әлді, кұйлі, көңілге тоқ, толымды болсын деген мағынада.

ТОЙБАЛА - той күні туған қыз бала.

ТОЛҒАНАЙ - толған айдай аппақ сұлу болсын деген тілекпен қойылған есім.

ТОЛҚЫН - теңіз, көл бетіндегі шайқалыс, әдемі көрініспен байланысты берілген есім.

ТОРҒЫН - үлбіреген жұқа жібектің бір түрі.

ТОРЫМБАЛА - көне түркі торым — бота, ботақан + бала.

ТОТЫ - тоты құс, сандуғаш. Бұл есім шешендік пен сұлулықтың, ұзақ өмірдің бейнесі ретінде беріледі. Синонимі — Тотия.

ТҰРҒАН - берік тұрып қалған, тоқтаған.

ТҰРСЫНАЙ - ай сияқты мәңгі өмір сүрсін, өмір-жасы ұзақ болсын деп қойылған есім.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
әдемі қыз аттары, қыз есімдері тізімі мағынасымен, мұсылманша қыз есімдері, ең әдемі қазақ қыздарының есімдері, қазақ қыздарының есімдері және мағынасы, самые красивые имена девушек на казахском

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]