Бес жыл көрсетілген «Келін» телехикаясы аяқталады

Бес жыл көрсетілген «Келін» телехикаясы аяқталады

"Қазақстан" телеарнасының рейтингі жоғары телехикаяларының бірі «Келін» ақпан айында аяқталады, деп хабарлайды baq.kz .

Хикаяның аяқталатынын «Қазақстан» телерадиокорпорациясының төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың өзі растады.

«Келінді қашан құртасыздар? Жаңа жылдан бастап үнді сериалдары берілмейді дегенді оқып, естіп ой бір қуанып едік. әзірге сыңқылдаған үнді сериялының музыкасының үні өшпей тұр», – деп назын білдірген көрермендерге Ойшыбаев мырза ақпан айында «Келіннің» аяқталатынын айтып, көңілін жайландырды.

Осының алдында бұл телехикая 2015 жылдың тамыз айында шамалы уақытқа тоқтап, кейіннен қайта жалғасқан болатын. Ұлттық арна басшылығы тіпті, осы фильмде ойнаған Ананди рөлінің сомдаушысы-Авика Гор, Шив — Сиддхарт Шукланы арнайы шақырып, кездесу өткізген болатын.
Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
айында, ақпан, хабарлайды, аяқталатынын, Қазақстан, болатын, аяқталады, Келін, телеарнасының, рейтингі, жоғары, телехикаяларының, уақытқа, тоқтап, жалғасқан, шамалы, қайта, кейіннен, Осының, Ұлттық, келин кашан битеди, келін қашан бітеді, келін телехикая қашан бітеді

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]